+7 (7172) 79 78 20

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
29.08.2017 в 18:34

Маңғыстауда жұмысшы жастарға 500 орындық жатақхана ашылды

Бүгін Конституция күні қарсаңында Ақтау қаласының Шығыс шағынауданында жұмысшы жастарға 500 орындық жатақхана пайдалануға берілді, деп хабарлайды NewTimes.kz.

Жаңа ғимарат өңірдің аудан, қалаларынан келіп жұмыс істейтін жастар арналған. Бұл үй аймақтық «Жаңа серпін» бағдарламасы аясында жұмыспен қамтылған азаматтар үшін қарастырылған. Бұдан бөлек, дәрігер, мұғалім сияқты облыс орталығында тапшы маман иелерінің осы жерге орналасуына мүмкіндігі бар.

Жатақхананың ашылуынаМаңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов, облыстың мемлекеттік органдарының және «НКОК» компаниясының өкілдері қатысты.

«Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы жастарға жағдай жасау туралы мәселесін күн тәртібіне қойды. Себебі, жас азаматтарға біз қолдау көрсетуіміз керек. Жыл сайын түрлі салаға, соның ішінде әлеуметтік салаға білікті мамандар аса қажет. Мәселен, бір ғана денсаулық саласының өзіне 245 жас маман қажет. Бүгін «НКОК» компаниясының демеушілігімен жастарға арнап осындай 500 орындық жатақхана салынды. Баршаңызды осы қуанышты күнмен құттықтаймын! Еліміздің ертеңі – жастар. Сондықтан, сіздерге үлкен сенім артамыз. Барлық бастамаларыңызға сәттілік тілеймін», — деді құттықтау сөзінде Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов.

Жатақхана ғимараты үш блоктан тұрады, блоктың әр қатарында екі және үш адамның тұруына арналған тұрғын бөлмелер, санитарлық тораптар мен киім-кешек сақтайтын орындар бар. Жаңа қоныстанушылар үшін тұрғын бөлмелерден басқа буфет, жұмыс кабинеттері, жүк сақтау камералары, зат қоятын бөлме, жиналыс бөлмелері мен қысқы бақ қарастырылған. Бөлмелер балкондармен қамтылған және тұруға жайлы. Нысан бюджеттік салада жұмыс істейтін қызметкерлерді баспанамен қамту мәселесінің өзектілігін азайтуға септігін тигізеді.


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии в первом абзаце гиперссылки на непосредственный адрес материала на сайте ИА «NewTimes.kz». Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 797820
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика