Үстіміздегі жылы Қызылорда қаласы күнін атап өту 18-23 қыркүйек аралығында болып белгіленді, деп хабарлайды ИА «NewTimes.kz».
Алғашқы күні «Сыр сүлейлері» аллеясында бауырсақ, қымыз және шұбаттың, қауын-қарбыздың дәстүрлі фестивалі, сондай-ақ, қазақ ұлттық ас мәзірінің, ұлттық киімдердің және музыкалық аспаптардың, қолөнер шеберлерінің көрмесі ұйымдастырылып, фотокөрме өтті.
Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев қала тұрғындары мен қонақтарын мерекемен құттықтай отырып, биыл қала күнін мерекелеу аясында көптеген қайырымдылық акциялары өткізілетінін атап өтті.
Алғашқы күнгі мерекелік бағдарлама орталық алаңда өтетін «I LOVE QYZYLORDA» Диджей fest» концерттік бағдарламасымен аяқталады.
Қаламыз әлеуметтік-экономикалық жағынан жыл басынан бері жоғарғы жетістіктерге жетуде.
Жыл басынан Қызылорда қаласында:
- қала тұрғындарының игілігі үшін жалпы ауданы 240 580 шаршы метрді құрайтын тұрғын үйлер пайдалануға беріліп, 7 мыңға жуық жерлестеріміз қоныс тойын тойлады;
- «Қуғын - сүргін құрбандарын еске алу» ескерткішінің аумағы абаттандырылып;
- мемлекет және қоғам қайраткері Мұстафа Шоқай ескерткіші салтанатты ашылды;
- республикада алғашқылардың бірі болып Қызылорда қаласы әкімдігінің ғимаратынан «Құқық қорғау қызметтері орталығы» өз жұмысын бастады;
- қала тұрғындары қауіпсіздігін қамтамасыз етуде қала полицейлеріне 69 жаңа автокөлік табысталып, 14 станционарлы полиция бекетінің құрылысы басталды;
- тұрғындар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында 20 спорттық-жаттығу алаңдары салынуда;
- жалпы аумағы 5 гектар жерді құрайтын сыйымдылығы 200 заманауи автобустарға арналған жаңа үлгідегі автобус паркі пайдалануға беріліп;
- 5,8 шақырымды құрайтын қала орталығындағы Қазыбек би көшесінен Жезқазған автожолына дейінгі аралыққа созылған, «Қорқыт ата» көшесін қайта жаңғырту жұмыстары толықтай аяқталды;
- қала қатынасында маңызды саналатын жалпы ұзындығы 73,6 шақырымды құрайтын 124 көшеге орташа, күрделі және қайта жаңғырту жұмыстары жасалуда;
- қала тұрғындарының сұранысына сәйкес аймақ басшысының тікелей қолдауымен бірнеше жылдан беру шешімін таппай келе жатқан «Сәулет» мөлтек ауданының 35 көшесін жөндеу жұмыстарын жүргізуге қол жеткізілді;
- «Нұрлы жол» бағдарламасы арқылы Республикалық бюджет есебінен Қызылорда қаласында 27 жоба бойынша 34,4 шақырым ауыз су және 7,8 шақырым кәріз су құбырлары қайта жаңғыртылуда;
- жарқын болашаққа бастайтын жаңа қала құрылысының алғашқы қарлығаштары – Сырдария өзенінің сол жағалауынан 5 қабатты 18 тұрғын үйлердің және 320 орындық балабақшаның іргетасы қаланды.
-
«Не могу удержаться от бешбармака»: Светлана Лобода о казахской кухне и казахских мужчинах05.02.2023, 16:01Федор Емельяненко нокаутом проиграл чемпионский бой и завершил карьеру05.02.2023, 11:31Полиция Астаны прокомментировала массовую драку футболистов из России и Кыргызстана05.02.2023, 01:3218-летняя канадка выиграла в лотерею 36 млн долларов США на День рождения05.02.2023, 11:00«Меккеде қазір ақшадан басқа ештеңе жоқ»: Періштелермен тілдескен Жанат Бақыт не естігенін айтты05.02.2023, 16:30Прогноз погоды в Казахстане на 5 февраля05.02.2023, 06:00
-
06:00Прогноз погоды на 6 февраля05:00Представившийся полковником полиции мужчина «кинул» пивбар в Астане03:00Новый автобусный маршрут появится в пригороде Алматы00:00В Актюбинской области двое мужчин вышли на поиски скота и пропали