пятница, 29 марта 2024 г.
icon
448.15
icon
483.46
icon
4.86
Алматы:
icon
13oC
Астана:
icon
4oC
1xadv
×

Қырымбек Көшербаев «Ақ бидай» VI ауыл спорт ойындарының жүлдегерлерін қабылдады

Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев Ақтөбеде өткен ҚР «Ақ бидай -2017» VI ауыл спорт ойындарында жалпы командалық есепте 3-орынды иеленген облыс құрамасын қабылдады. Шара барысында аймақ басшысы айтулы жарыста өңір мерейін үстем еткен саңлақтарға алғыс білдіріп, игі лебізін білдірді.

Төрт жылда бір рет өтетін дүбірлі бәсекеде Сыр спортшылары 14 облыстың арасынан 174 ұпаймен қола жүлдеге қол жеткізіп, тұңғыш рет үздіктер қатарынан көрінді. Спорт түрлері бойынша қазақ күресі мен тоғызқұмалақтан облыс құрамасы жеңіс тұғырынан көтерілсе, Президенттік көпсайыс пен гір спортынан жекелей сында жүлделі орындарды еншілеп, команданың алға шығуына өз үлестерін қосты. Кездесу барысында тоғызқұмалақтан 3 дүркін Әлем чемпионы Хәкімжан Елеусінов пен қазақ күресінен Қазақстан жеңімпазы Нұрым Сәлімгереев жарыстан алған әсерлерімен бөлісті.

Айта кетейік, келесі республикалық «Ақ бидай» VII ауыл спорт ойындары 2021 жылы Маңғыстау облысында өткізіледі.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0