Қызылордада сандық технологияларды қолданудың мүмкіндіктері нақтыланды
Қызылордада актив отырысында аймақтағы ІТ-технологиялардың даму мәселелері талқыланды, деп хабарлайды NewTimes.kz.
Басқосуда алғысөз алған облыс әкімі Қырымбек Көшербаев Елбасы Н.Назарбаевтың «дамыған 30 мемлекеттің қатарына ену Қазақстаннан жаңа инновациялық дамуды және жедел технологиялық жаңғыруды талап етеді» деген мәлімдемесін тілге тиек етті.
«Осыған орай біз сандық технологиялар мен жүйелерге, олардың мүмкіндіктеріне жүгінуге тиіспіз. Себебі, олар қалаларды «ақылды» етіп, ауылдарды онлайн-байланысқа шығарады. Бұған қоса, халықтың сандық сауаттылығын арттырып, Қазақстанды цифрландыру жөніндегі мемлекеттік бағдарламаның маңызын барынша түсіндіру қажет»,-деді облыс әкімі.
Саланың мүмкіндіктері мен алдағы міндеттер туралы облыс әкімінің орынбасары Евгений Ким кеңінен баяндады. Қызылордада озық технологиялардың артықшылықтары жоғары бағаланады. Облыс әкімдігінің ситуациялық орталығында аймақ дамуының көрсеткіштерін сараптап, жетістіктерді болжайтын бағдарламалық-математикалық модель енгізу жұмысы жүруде. Соның ішінде, ауыл шаруашылығы саласы бойынша күріштің шығымдылығын болжап, су тасқыны жағдайында рельефтік үлгілеу жасауға мүмкіндік бар. Шешім қабылдаудағы жасанды зиятты пайдалануға қысқамерзімді болжам жасайтын Machinе-Learning технологясымен модельдеу жүйесі қолданылатын болады. Естеріңізге сала кетейік, 2015 жылы Амстердамда /Нидерланды/ өткен аудиовизуалды инновациялар көрмесінде Қызылорда облысының ситуациялық орталығы халықаралық InAVation Awards аудиовизуалды байқауында «Үздік басқару орталығы» аталымы бойынша бас жүлдені жеңіп алды. Аталмыш жоба Қазақстан мен Ресейдің басқару құрылымдарының асқан қызығушылығын иеленді. Айта кету керек, Қызылордадағы Ситуациялық орталық еліміздегі алғашқы жоба саналады.
Басқосуда «Microsoft» компаниясының мемлекеттік сектормен жұмыс жөніндегі өкілі Дархан Қашқынбаев мемлекеттік органдардың жұмысына сандық технологияларды пайдалану жөніндегі ұсыныстарын жеткізді.
Естеріңізге сала кетейік, Қызылорда облысы сәуір айында алғаш аймақ болып «Microsoft» компаниясымен әріптестік туралы келісім жасады. Ағымдағы жылдың шілде айында онлайн оқыту арқылы заманауи инженерлік-компьютерлік технологияларды қолданатын жоғары білікті мамандар дайындау ісі басталды. Бұдан бөлек, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің базасында ғылыми-зерттеу және тәжірибелік жұмыстарды бірлесіп жүргізетін «Microsoft академиясы» кеңсесін ашу ісі басталды.
Отырысты қорытындылаған облыс әкімі аймақта инновациялық технологиялар мен интернет-қосымшаларды енгізу жөнінде бірқатар тапсырма берді.
-
Талдыкорганцы требуют привлечь Кайрата Нуртаса к ответственности28.03.2023, 05:34Токал брата Назарбаева: «Матери сами приводили к нему дочерей»28.03.2023, 18:05Байзакову выгнали из отеля в Японии28.03.2023, 15:50Мама убитого двухлетнего мальчика в Темиртау рассказала жуткие подробности трагедии28.03.2023, 03:20Блогер-нутрициолог умерла после уколов молодости28.03.2023, 16:32Школьники из Экибастуза озвучивают зарубежные мультфильмы на казахском языке28.03.2023, 00:29
-
12:42Бабушку с невероятным голосом сравнивают в TikTok с Бибигуль Тулегеновой12:33Amanat получил серьезных спарринг-партнеров в парламенте12:19Мусорные контейнеры на 29 млн сгорели в Уральске12:08С матерью и сыном жестоко расправились в Актобе11:56Косметологтың қызметіне жүгінген келіншектің беті дуылдап, ісіп кеткен11:45Новые сведения о пропавшей девочке в Туркестане11:37Политический статус партии №211:29Навороченную нарколабораторию обнаружили в Туркестанской области11:18Как президент Казахстана видит дальнейшую работу парламента11:07Звание «Народный артист Казахстана» восстановят спустя 24 года10:59Павлодарец выдумал историю об издевательствах, чтобы разлучить брата с девушкой10:46Чувствует ли вину Кульгинов за то, что оставил астанчан без воды?10:35Еще 95 казахстанцев заболели коронавирусом10:23Токаев о выборах в мажилис и маслихаты: «Итоги были непредсказуемы»10:17Сотни сельчан в СКО топят снег и пьют воду из озера