Қызылорда облысында ҮИИДБ кәсіпорындары өндірген өнім экспорты 23% артты
ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында Қызылорда облысының әкімі Қ. Көшербаевтың баспасөз конференциясы өтті, деп хабарлайды NewTimes.kz.
Облыс әкімінің айтуынша, өңір экономикасының дамуына Үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы тың серпін берген. Бағдарлама аясында аймақта 20 жоба жүзеге асса, оның 16 толық қуаттылығында жұмыс істеуде. Қызылордада соңғы жылда ҮИИДБ кәсіпорындары өндірген өнім экспорты 23% артып, импорттаушы мемлекеттер саны 8-ден 11-ге жетті.
«Жүзеге асырылған жобалардың сапасын арттыру мақсатында біз Индустрияландыру картасына түгендеу жүргізіп, тиімсіз және экспорттық әлеуеті төмен, бәсекеге қабілетсіз жобаларды алып тастадық. Қалған жобалар бойынша нақты жұмыс атқарылуда. Мәселен, келер жылы облыста молибден үш тотығын шығаратын кәсіпорын іске қосылады. Өнім экспортының негізгі көлемі Жапонияның үлесінде болады. Алдағы жылдың шілде айында шыны зауытының алғашқы өнімін шығаруды көздеп отырмыз. Сондай-ақ, келер жылы құрылыс саласында ғана емес, мұнай-газ және уран өндіруде кеңінен қолданылатын тампонажды цемент шығаратын зауытты да іске қосамыз», — деді облыс әкімі Қырымбек Көшербаев.
Бұл кәсіпорындардың барлығының экспорттық әлеуеті жоғары, жаңа технологиялар енгізілген.
Жалпы, аймақ дамуында оң динамика бар. Ірі жобалар жүзеге асуда.
«Британдық инвесторлармен бірлесіп «Баласауысқандық» ванадий кен орнында қара тақта тасты автоклавта өңдейтін жоба жүзеге асырылуда. 110 тонна аммоний метаванадатын Тайваньға экспорттап үлгердік. Бұдан бөлек, қазір Қызылордада ферроқорытпа зауытын салу жобасын іске асыру бағытында жұмыс істелуде. Қыркүйек айының соңында түркиялық «Yıldızlar SSS Holding» компаниясымен бірлесіп, аймақта 2 ірі нысан құрылысын бастау туралы шешім қабылданды. Оның бірі – жылдық қуатылығы 27 млн.м2керамикалық тақта және керамогранит шығаратын зауыт, екіншісі - қуаттылығы 138 МВт/сағ болатын газ поршеньді станциясы. Керамикалық тақта шығаратын зауыт осы өнімді жасайтын Қазақстандағы ірі өніріс орны болады. Ал, газ поршеньді электр станциясының іске қосылуы электрмен қамтамасыз етуді жақсартып, аймақта өнекәсіптің дамуына мүмкіндік береді», — деді Қызылорда облысының әкімі.
EXPO-2017 көрмесінен кейін өңірде түрлі салаға жаңа технологияларды енгізуге бағытталған 20 жобаны іске асыру басталды. Оның ішінде 11 жоба тұрғын үй коммуналдық шаруашылығына қатысты.
«Облыста 2 жоба, атап айтқанда Жаңақорған ауданында қуаттылығы 50 мВт болатын күн электрстанциясы мен қуаттылығы 24940 кВт болатын «Бәйтерек-25» жел электрстанциясын салу жобалары.
«Шалқия» қорғасын-мырыш кен орнында таукен байыту комбинаты мен газтурбиналық электрстанциясының құрылысын бастадық. 2019 жылдан бастап таукен байыту комбинаты 2 млн.тонна, ал 2020 жылға қарай 4 млн. тонна кен өңдейтін болады. Коминаттың іске қосылуы 1500 жаңа жұмыс орнының ашылуына мүмкіндік береді. Сондай-ақ, осында гидрометаллургиялық зауыт құрылысы жобасын дайындау ісі басталды», —деп атап өтті аймақ басшысы.
-
Жуткая трагедия: Астанчанин выбросил из окна племянника, зарезал тещу и спрыгнул сам06.02.2023, 22:19Казахстанский тиктокер покоряет мир06.02.2023, 09:41В Казахстане стартовало льготное автокредитование06.02.2023, 10:09В Турции от мощного землетрясения разрушились дома06.02.2023, 08:557-летнего ребенка спасли из-под завалов в турецком Диярбакыре06.02.2023, 15:51Салафит прилюдно обмазал бывшую жену зеленкой и фекалиями06.02.2023, 10:51
-
03:37Мясо птицы запретили накачивать водой в Казахстане02:27В Актобе финансовая пирамида работала под видом автоломбарда01:14«Играет на равных с мужчинами»: Женщина-кокпаршы живет в Туркестанской области00:192-х летний мальчик проглотил магнитные шарики – он в реанимации