Елімізде соңғы 5 жылда экстремизм мен терроризмді насихаттайтын 1 мыңнан астам сайт жабылған. Бірақ шетелдік контенттерді бұғаттау оңай емес. Себебі, біреуін жапса, дәл сол нұсқада басқа сілтемемен екінші ресурс іске қосылады. Соған байланысты бірқатар заңнама талаптары жетілдірілді. Енді бұрынғыдай сот органдарына талап арызбен жүгінбей-ақ, ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіне ұсыныс жасап, министрлік ұйғарымымен теріс пиғылды сайттарға тыйым салуға болады.
Бұл жөнінде БҚО прокуратурасының бөлім басшысы Алмас Оңаев мәлімдеді. Оның айтуынша, биыл Батыс Қазақстан облысында экстремизм мен терроризмді насихаттап, діни алауыздық тудыруға бекінген 11 тұлғаға қатысты қозғалған 12 қылмыстық іс бойынша айыптау үкімі шықты.
Зерттеулер мен талдау жұмыстары көрсеткендей, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуда ақпараттық-түсіндіру жұмыстары негізгі пәрменді әдіс-тәсіл болып табылады. Сондықтан батысқазақстандық жергілікті атқарушы билік құрылымдары ақпараттық-түсіндіру жұмыстары арқылы қоғамда терроризм идеяларына қарсы иммунитетті, тағатты діни сананы қалыптастыру және тұрғындардың діни сауаттылығын арттыруға, сондай-ақ ұлттық және дәстүрлі діни құндылықтарымызды жастардың санасына сіңіруіге жете мән беріп отыр. Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында облыс тұрғындарының әр түрлі санаттарын қамтитын бірнеше іс-шаралар ұйымдастырылды. Соның бірі - «Тұрақтылық кепілі – қауіпсіздік» жобасы.
-Жоба ауқымында 11 қыркүйек – 11 қазан күндері аралығында Орал қаласы мен Жаңақала, Бөрлі, Теректі, Сырым, Ақжайық, Зеленов аудандарында кешенді ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Оған жергілікті теолог мамандармен қатар, республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері және психолог мамандар қатысты. Өңірімізде 34 маманнан құралған 5 топ бірнеше бағытта жұмыстанды. Мәселен, зайырлы ортада 14 мыңнан астам ақпараттық-түсіндіру шаралары өтті. Жоба бойынша «қауырт желі» мен «сенім телефонының» нөмірлері көрсетілген үлестірмелі парақтар, ақпараттық-танымдық материалдар таратылды. Сонымен қатар, аудандарда әйел жамағатына арналған дәрістер ұйымдастырылды. Ақпараттық-түсіндіру тобының өкілдері діндар азаматтармен және деструктивті діни ағым мүшелерімен жекелей кездесіп, дәстүрлі діни бағыттарды түсіндірді. Жоба бойынша жасы 18 бен 69 аралығындағы 1 мың тұрғынның қатысуымен әлеуметтік сауалнама ұйымдастырылды. Сауалнамада оларға еліміздегі және өңіріміздегі діни ахуалмен қаншалықты таныс екені жөнінде сұрақ қойылды. Қатысушылардың 85,8 пайызы «жақсы білетінін» айтса, 4,9 пайызы бұл сала «қызықтырмайтынын», 5,9 пайызы «жауап беруге қиналатынын», 3,4 пайызы діни ахуалды зерттеуге «уақыты жоқ екенін» көрсеткен. Мұның алдындағы сауалнамада 72 пайызы жақсы білеміз деп жауап берген еді. Яғни, «Тұрақтылық кепілі – қауіпсіздік» жобасынан кейін әлеуметтік зерттеу қорытындысы оң нәтиже көрсетті, – деді БҚО дін істері басқармасының басшысы Саялбек Ғиззатов.
-
Заставлял беременную жену заниматься сексом с другом: Опубликованы жуткие видео31.01.2023, 12:55На лодке добираются до школы дети в Кызылординской области31.01.2023, 10:23«Мне тут нравится!»: Российский турист не хочет уезжать из Шымкента31.01.2023, 20:32Сперма во рту: Расследование возобновили после громкого заявления31.01.2023, 16:08Известная казахстанка выразила мнение о россиянах31.01.2023, 15:11«Дыши, Алматы!»: Очищать воздух в мегаполисе предлагают путем распыления воды с высотыСегодня, 00:10
-
17:43В Шымкенте и 8 областях РК объявлено штормовое предупреждение17:29Кто в феврале может встретить свою любовь?17:14Пропавшую полгода назад женщину в ВКО нашли убитой17:00К 20 млн приближается численность населения в Казахстане16:45Доллар наращивает упущенное на казахстанской бирже16:31Махаббаттың жасқа қарамайтынын дәлелдеген қазақстандық шоу-бизнестегі жұптар кімдер16:17Астанчанка просила не сажать в тюрьму мужа, избившего их 2-месячную дочь16:03Фишки iPhone, о которых Вы не знали15:50О строительстве аэропорта в Шымкенте отчитались Токаеву15:38Человек в маске выкупил все книги у дедушки и раздал их в доме престарелых15:24Машины по льготному автокредитованию должны доставить за 60 дней15:10Казахстанец пытался хайпануть ворованными видео с избиениями14:56Снег и дождь прогнозируют в Казахстане в ближайшие три дня14:42Наркосиндикат «накрыли» в Казахстане14:28В Казахстане планируется открытие Kotak Bank?