четверг, 28 ноября 2024 г.
icon
499.51
icon
525.83
icon
4.62
Алматы:
icon
3oC
Астана:
icon
-9oC
×

Шымкентте отбасы құндылықтарын сақтау мәселелерін талқылады

Шымкент қаласында «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалының ұйымдастыруымен «Отбасы және отбасылық құндылықтарды сақтау - тұрақты мемлекеттің даму кепілі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді, деп хабарлайды NewTimes.kz.

Іс-шараға «Ана Үйі» қоғамдық қорының, «Сана сезім» заң орталығының, әйелдер мен балаларды әлеуметтік-психологиялық оңалту және бейімделу орталығының, қалалық іскер әйелдер кеңесінің өкілдері, орта мектеп психологтары  және де БАҚ өкілдері қатысты.

Іс-шараға «Оңтүстік Су» филиалы төрағасының бірінші орынбасары Абидин Сакенов төрағалық етіп, шараның маңызы мен міндеті туралы айтты.

«Партияның саяси Доктринасында отбасы қоғамымыздың құндылықтарын сақтаудың маңызды институты деп айтылған. Отбасында ұрпақтар сабақтастығы, аға буынға деген құрмет, балаларға қамқорлық, өзара қолдап-демеу дәстүрлері, еңбексүйгіштік және білімге деген құштарлық қалыптасады. Сондықтан біз отбасының және отбасылық тәрбиенің маңыздылығы туралы қоғамдық пікірді қалыптартыру аса маңызды міндет деп санаймыз», — деді ол.

«Сана сезім» құқықтық орталығының әлеуметтік қызметкері Қаламқас Дасболғанованың айтуыша, жыл сайын ата-аналық құқықтан айыру бойыша 35 мың өтініш қаралады екен.

«Бұл көңіл көншітерлік жағдай емес әрине. Біз жастарды отбасы құндылығын бағалай білуге, ажырасуды болдырмауға тәрбиелеуіміз керек, өйткені бұндай жағдайда ең алдымен балалар зардап шегеді»,— деді ол.  

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша «Ана Үйі» қоғамдық қорының төрайымы Ғалия Жүсіпова жыл басынан бала асырап алуды қолдау орталығына келген 374 азаматқа кеңес берілген. Олардың 38-і қажетті құжаттарды қамқоршылық органдарына өткізіп, бала асырап алуға үміткер ретінде тіркелген.

«Болашақта олар құрмет пен сүйіспеншілікке ие үлгілі отбасы болады деп үміттенемін. Өйткені отбасы - біз үшін ғана емес, жалпы мемлекет үшін де ең маңызды нәрсе, сондықтан баршамыз отбасымызға қамқорлық көрсетейік!» — деп ізгі ниетін білдірді ол.

Сонымен қатар, жиын барысында отбасының рөлін арттыру, оның қоғамдағы мәртебесі мен орыны, жастардың отбасында өмір сүруге деген ұмтылысын арттыру, орын алып отырған отбасылық проблемалар  жайы талқыланды.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0