среда, 27 ноября 2024 г.
icon
498.55
icon
524.28
icon
4.75
Алматы:
icon
4oC
Астана:
icon
-9oC
×

Астанада «Шабыт» фестивалінің тыңдаулары өтуде

Елордалық концерттік алаңдарда ХХ «Шабыт» халықаралық шығармашыл жастар фестиваліне қатысушылар арасындағы жарыс үзіліссіз өтіп жатыр, деп хабарлайды NewTimes.kz.

Алғашқылардың бірі болып қазылар алқасының алдында «Классикалық музыка» номинациясы бойынша қатысушылар өнер көрсетуде. Биыл байқау скрипкашылар, альтшылар, виолончелистер, контрабасистер мен вокалшылар арасында өткізіліп отыр. Әдеттегідей, тыңдаулар фестивальдің серіктесі – Қазақ ұлттық өнер университетінің концерт залдарында ұйымдастырылуда.

Аталған номинация бойынша қазылар алқасының төрайымы, профессор Раиса Мусақожаева атап өткендей, биыл қатысушылардың дайындығы мен құрамы өткен жылдардағыдай мықты. Жастар университетаралық алмасудың арқасында түрлі фестивальдерге және шетелдік гастрольдерге қатысқан, сахнада орындау тәжірибелері бар.

«Шабыт» жастар фестивалінің 20 жылдан бері ұйымдастырылып келе жатқанына қуаныштымыз. Осы уақыт ішінде көптеген байқаулар өткізіліп, жабылып қалды. Ал «Шабыт» әлі де бар. Осы жылдар ішінде талай жас өнер иесі анықталды, дегенмен, біз одан әрі дамып, өркендеп келеміз. Біздің интернационалды қазылар алқасының құрамы да жақсы екендігін ерекше атап өтпекпін. Оның құрамына Германия, Исландия, Иордания, АҚШ, Қазақстан, Австрия, Ресей және Мексика сынды мемлекеттердің атаулы өнер қайраткерлері енген», — дейді Раиса Қожабекқызы.

Оның айтуынша, шетелдік қонақтар фестивальдің жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтуде. Алайда, кемелділіктің шегі жоқ. Мысалы, көптеген шетелдік жас музыкантттардың «Шабытқа» қатысқысы келеді, бірақ байқау бағдарламасы тек бір ай бұрын ғана белгілі болатындықтан олар өз номерлерін дайындап, ұйымдастыру мәселелерін үлгермейді  .

«Қазір бірінші кезең өтіп жатыр, сондықтан болжамдап айтуға әлі ерте. Қазылар алқасы үлкен қызығушылық танытуда, олардың бірі Қазақстанға алғаш келіп тұрса, басқалары бұрын да болған, олар қаламыздың қаншалықты ұлғайып, өзгергендігіне тәнті болып тұр», — делі Раиса Мұсақожаева. 

«Шабыт» фестивалі жылдан жылға жас дарындарға қазылар алқасының құрамына шақырылған танымал өнер қайраткерлерінің кеңесін тыңдап, олардың шеберліктерін өз көздерімен тамашалау мүмкіндігіне ие болады. Мәселен, биыл органшы Ресей халық артисі, Н. Г.Жиганов атындағы Қазан мемлекеттік консерваториясының ректоры Рубин Абдуллин, сондай-ақ, белгілі альтшы, Санкт-Петербург консерваториясының профессоры Алексей Людевиг шеберлік дәрісін өткізеді.

Фестиваль аясында конкурсанттар мен студенттер, сонымен қатар, ниет білдірген жандар қазылар алқасының мүшелерінің сабақтарына, семинарларына және шеберлік-дәрістеріне қатыса алады. Келем деушілерге есік ашық. 

Сергей Гонтаренко өнер университетінің бірінші курс студенті болғанымен көптеген шығармашылық байқаулар мен фестивальдерде өнер көрсетіп үлгерген екен. Болашақ кәсіпқой виолончелист «Шабыт» байқауында түрлі номинациялар бойынша екінші рет сынға түсіп отыр.

«Былтыр мен ансамбльдер номинациясында өнер көрсеткен болатынмын, биыл өзімді солода байқап көрмекпін. Бұл мүлдем басқа сезім, басқа эмоция. Аса толқып та тұрғаным жоқ, биылғы қатысушылар мықты, лайықты. Олардың көбін кішкентайымнан танимын деуге болады. Түрлі фестивальдерде, байқауларда жиі кездесеміз, бір-бірімізбен араласып тұруға тырысамыз», — дейді фестиваль конкурсанты.  

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0

В статье: