вторник, 26 ноября 2024 г.
icon
498.34
icon
519.72
icon
4.85
Алматы:
icon
2oC
Астана:
icon
-4oC
×

Shymkent Bike абоненттері студенттерге тегін бұйырды

Бір топ студент енді бір жыл бойы қала көшелерін велосипедпен армансыз аралай алады. Бастысы, ешқандай абоненттік ақы төлемейді. М.Әуезов атындағы ОҚМУ-де қайырымдылық шара өтті. Сонымен, велосипендпен тегін жүру мүмкіндігіне кімдер ие болды?

Енді ОҚМУ-дің 30 студентін жолақы мәселесі алаңдатпайды. Өйткені олар бір жыл бойы тегін экологиялық көлік — велосипедпен қатынай алады. «Шымкент-байк» әлеуметтік-инновациялық жобасының шапағаты әлеуметтік жағдайы төмен, көп балалы отбасыдан шыққан және жетім студенттер мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қолжетімді болып отыр.

«Бүгін біз университетте білім алатын 30 студентке сертификаттар мен түрлі сыйлықтарды табыстадық. Сертификаттар «Шымкент-байк» жүйесіне тіркеліп, бір жыл бойы тегін пайдалауға мүмкіндік береді. Қанша шақырым жер жүрсе де ешқандай абоненттік төлем төлемейді», — деді «Velocity.kz» қоғамдық қорының жетекшісі Алмагүл Қасымова.

Ойламаған жерден тосын сый алып, қуанғандардың бірі — І курс студенті Мақсат Оралбаев.

«Аптасына кемі 4 рет қолданатын шығармын. Әрине, оқу орнына міндетті түрде велосипедпен келемін. Қыдыруға да шығуға болады. Бұл — өте құнды сыйлық, сондықтан қадірін білу керек», — дейді студент.

«Шымкент байк» жобасы Шымқалада 2016 жылдың жазында басталған. Осы уақыт ішінде қаламызда 40 станция орнатылып, 200-ге жуық велосипед сатып алыныпты. Ал жобаның мақсаты халықты баламалы көлікпен қамтамасыз ету болатын. Нәтижесінде қазір 1500-нан аса белсенді пайдаланушы бар.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0