вторник, 26 ноября 2024 г.
icon
498.34
icon
519.72
icon
4.85
Алматы:
icon
-2oC
Астана:
icon
-4oC
×

Жұмат Шаниннің естелік тақтайшасы Шымкентте ашылды

Биыл қазақтың тұңғыш халық әртісі, кәсіби режиссері, драматург Жұмат Шаниннің туғанына 125 жыл толды, деп хабарлайды NewTimes.kz.

Бұл күні қаламыздағы Нұрсәт шағынауданындағы қазақтың тұңғыш халық әртісінің құрметіне есімі берілген көшеге көпшілік жай жиналған жоқ. Кәсіби режиссер, драматург Жұмат Шаниннің тақташасының ашылу салтанатына арнайы бұрылып, тарихи сәттің куәгері болды. Айтулы шараға жерлестеріміз, зиялы қауым өкілдерімен қатар, өңіріміздегі мәдениет ошақтарының өкілдері және ұрпақтары шақырылған. Осынау өнер иесінің құрмет тақташасына Ж.Шаниннің есімі берілген театр ұжымының өзі демеушілік жасапты.

Қайраткерлердің құрметіне әзірленген көрмені тамашалаған қауым қазақ зиялыларының өмір жолына үңілді. Дәйекті дүниеде ұлт болашағы үшін өмірін тәуекелге тіккен боздақтардың фотосы мен құжаттары таныстырылды.

Халықтың ұлттық өнерін дәріптеп, қазақ сахнасында театр танымын танытқан тұлғаның 125 жылдығы аясында Ж.Шаниннің өмірдерегін ұсыну мұнымен шектелген жоқ. Шөбере-ұрпақтары жергілікті жорналшылармен арнайы кездесіп, тарихтың тың тарауларын түгендеді. Бұған дейін еш жерде жарияланбаған жазбаларды да жіліктеп жеткізді.

«Театр дәнін тамырлатқан тарлан» тақырыбымен өрбіген осынау еске алу шарасында «қара шаңырақ»- Ж.Шанин атындағы академиялық қазақ драма автордың «Арқалық батыр» премьералық спектаклін сахналады.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0