воскресенье, 24 ноября 2024 г.
icon
498.34
icon
519.72
icon
4.85
Алматы:
icon
1oC
Астана:
icon
-3oC
×

БҚО тұрғындарының 80% сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілді

Батыс Қазақстан облысында орталықтандырылған ауыз сумен барынша жақсы қамтылған аудандардың бірі – Сырым. Бүгінгі таңда аталмыш аудан тұрғындарының 80%-ы сапалы су ішіп отыр. Сырымдықтардың мұндай жағдайға жетуіне «Таза су», «Ақ бұлақ» бағдарламаларының көп септігі тиді. Қазіргі уақытта бұл мәселе «Нұрлы жол» және Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламалары арқылы шешімін табуда.

Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасының «Ақ бұлақ» бағыты бойынша былтыр Бұлан, Қазақстан ауылдарына қосымша су құбырларын тарту арқылы берілетін су мөлшері көбейтілді. Сондай-ақ тасымалмен су ішіп отырған Қосарал ауылын сумен қамтамасыз етудің жоспарлы сметалық құжатқа сәйкес аяқтауға аудандық бюджеттен 3 млн теңге қаржы бөлінді.

Ал таяуда Жосалы ауылдық округіндегі Қоңыр және Тамды елді мекендері орталықтандырылған таза ауыз су жүйесіне қосылды. Бұл іске жергілікті бюджеттен 185 млн. теңге қаржы қаралыпты. Құрылыс жұмыстарына ауылдың 25 адамы тартылған. Алты ай бойы жүргізілген жұмыс нәтижесінде 18 шақырым су құбыры тартылып, екі елді мекендегі 240 үйге таза су барды. Қазір таза ауыз суды округ бойынша 900 тұрғын пайдаланып отыр.

«Мемлекеттік, салалық бағдарламалар аясында ауданымыздың әлеуеті артып, әлеуметтік-экономикалық мәселелері шешімін табуда. Аудан басшылығы жыл басында «Нұрлы жол» бағдарламасы,  Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасының «Ақ бұлақ» бағыты бойынша кейбір ауылдарды орталықтандырған ауыз суға қосуды жоспарлаған еді. Сол жоспарымызға сәйкес Қоңыр мен Тамдыға су келді. Жосалылықтарды әлеуметтік ортақ игілік, сапалы ауыз су жүйесінің іске қосылуымен шын жүректен құттықтаймын», – деді аудан әкімі  Төлеген Төреғалиев нысандардың іске қосылу салтанатында.

Мердігер «Жайық газ су құрылыс» ЖШС басшысының орынбасары Ербол Қажиев Жосалы ауылдық округіне серіктестік атынан электр өндіретін құрылғыны табыс етті.

Салтанатты шарадан соң мәртебелі меймандар Қоңыр және Тамды ауылдарын орталықтандырылған ауыз сумен қамту жүйесінің №2 нүктесінде болды. Бұл жерде сусорғы стансасы, сондай-ақ су жинайтын екі резервуар мен мұнара орналасқан. Округтің күндік сұранысы 25 текше метрді құраса, №2 нүктенің қауқары округтің апталық су қорын сақтауға жетеді.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0