воскресенье, 24 ноября 2024 г.
icon
498.34
icon
519.72
icon
4.85
Алматы:
icon
-1oC
Астана:
icon
-2oC
×

БҚО-да этножурналистиканың бәсі биік

Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық «Шаңырақ» шығармашылық байқауын дәстүрлі түрде өткізіп келе жатқаны белгілі. Биыл Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында ұйымдастырылған аталмыш байқаудың облыстық кезеңі осыдан үш-төрт ай бұрын жарияланған еді. Орал қаласындағы Достық үйінде осы додада үздік деп танылғандар марапатталды, деп хабарлайды ИА «NewTimes.kz».

Айта кетейік, бұл байқауға өңіріміздегі БАҚ-тардың 30-ға жуық тілшісі өз материалдарын жіберген болатын. Телерадио, газет редакцияларының және этномәдени бірлестіктердің, «Қоғамдық келісім» мекемесінің тәжірибелі мамандары енген әділқазылар алқасы түрлі аталымдар бойынша 12 тілшінің материалдарын жоғары бағалады. Олардың ішінде «Орал өңірі» газетінің тілшілері Гүлсезім Бияшева мен Гүлжамал Кенжеғалиева, «Приуралье» газетінің тілшілері Динара Кендербаева, Жанна Балықова, Оксана Каткова, «Ақжайық» телеарнасының редакторлары Мұнайдар Балмолда, Роза Сатқанова, Оксана Иглікова, Айгүл Логашкина, Сырым аудандық «Сырым елі» газетінің тілшісі Бауыржан Шимерденұлы, Қазталов аудандық «Ауыл айнасы» газетінің тілшісі Гаухар Құрманғазиева бар.

«Журналистер қауымы еліміздің тәуелсізідігін тұғырлы етуге, халықтың ертеңгі күнге деген сенімін артыруға және ұлтаралық татулық пен қоғамның ынтымақтастығына айтарлықтай үлес қосып жүр. Облыстық ассамблеяның жаңа жұмыс бағытын қалыптастыру мен ұлтаралық байланысты нығайту және қазақстандық біртектілік пен бірлікті дамытудағы ассамблея қызметі әрдайымда тілшілер қауымының назарында болатынына сенемін», — деді өз құттықтау сөзінде облыстық ассамблеяның хатшылық меңгерушісі Ғайса Қапақов.

Өз кезегінде сөз алған БҚО ҚХА журналистер клубының төрағасы, «Ақжайық» телеарнасының басшысы Асланбек Ғұбашевтің сөзіне қарағанда этножурналистиканың қоғамдағы мән-маңызы артып келеді, бұл бағытта қалам тербеп жүргендер абыройға бөленуде. «Келесі жылдан бастап бұл байқауға блогерлерді де қатыстыру жоспарда бар. Сөйтіп байқаудың аудиториясы кеңеймекші,-деді Асланбек Зинатұлы.- Жаңа жылдан кейін біздің клуб облыстық ассамблеямен бірлесіп этножурналистканы дамыту бағытында  біраз шараларды жүзеге асырғымыз келеді. Солардың ішінде семинар-тренингтер бар. Яғни этножурналистердің қатарын көбейіп, олардың шеберлігін шыңдай түсуіміз керек».

Шара барысында ҚХА-ның баспасөз қызметінің басшысы, белгілі журналист Қымбат Досжан бейнесәлемдеме арқылы жеңімпаздарды құттықтады.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0