четверг, 25 апреля 2024 г.
icon
443.85
icon
474.3
icon
4.8
Алматы:
icon
21oC
Астана:
icon
6oC
1xadv
×

БҚО жастары мемлекеттің аялы алақанының жылуын сезінуде

Бүгінде жастар саясатында NEET (NotinEmployment, EducationorTraining) деген термин пайда болғаны мәлім. Тәржімалағанда жұмыс істемейтін, оқымайтын, жұмыс іздеуге ұмтылмайтын жастар деген мағынаны береді. Міне, осыған сәйкес Ақ Жайық өңірінде де айтарлықтай іс-шаралар алынып, нәтижесінде аталмыш санатқа кіретін батысқазақстандықтар саны 3 пайызға дейін төмендеді. Ал бұл республика бойынша ең төменгі көрсеткіш.

Ресми мәлімет бойынша өткен жылы облыс көлемінде 7 мыңдай жігіт пен қыздар жұмысқа тұрса, оның жартысы тұрақты жұмыспен қамтылды.  Мәселен, «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында былтырдың өзінде 500 жас маман ауылға аттанды, оларға 260 млн. теңге көлемінде көтерме жәрдемақы бөлінді. 408 жас маман үй алу үшін 1,2 млрд.теңгеден астам сомада несиемен қамтылды.

«Мемлекетіміз жігерлі жастар үшін қажет жағдайды жасап отыр. Яғни білім алып, елге қызмет қылуға ұмтылған жастарға өзінің өміршеңдігі мен тиімділігін дәлелдеген «Дипломмен ауылға» сынды мемлекеттік бағдарлама да бар, тамаша өмірлік стартап та бар. Мәселен, мен Орал қаласындағы Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжін, одан соң М.Өтемісов атындағы БҚМУ-ды бітіріп, ауылға келіп, мектепке жұмысқа тұрып, «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында 4 бөлмелі үй алдым. Әлеуметтік жағдайым оңалғасын, алаңсыз еңбек етудемін. Өзім де, шәкірттерім де аудандық, облыстық деңгейдегі түрлі сайыстарға қатысып, үздіктер қатарынан көрінудеміз. Азды-көпті жетістікке жетіп, бедел мен құрметке ие болуыма мемлекеттің аялы алақаны себепші болды деп есептеймін», — дейді Теректі ауданындағы жас маман Мирас Абуғалиев.

Орал қаласындағы «Гирдоприбор» ҒЗИ» АҚ бас директорының орынбасары Александр Мираненконың сөзіне қарағанда, өндіріс орнына келіп жатқан жас мамандар тың идеяларымен, ізденгіштігімен, еңбекқорлығымен ерекшеленеді. Кәсіпорын мемлекеттік индустриалды-инновациялық даму бағдарламасына белсенді қатысып келеді. Бұл бағытта түрлі ғылыми жобаларды жүзеге асыруда. Осындай игі істердің бел ортасында жастардың жүргендігі қуантады. Үкімет, жергілікті атқарушы билік тарапынан қабылданып жатқан шаралардың нәтижесінде жастар қоғамнан өз орындарын тауып, маман болып қалыптасып жатқаны еліміздің адами капиталын нығайтып, әлеуетін артырары сөзсіз.

Ернар ХАЙДАР,

Батыс Қазақстан облысы

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0