четверг, 25 апреля 2024 г.
icon
444.32
icon
473.33
icon
4.76
Алматы:
icon
12oC
Астана:
icon
5oC
1xadv
×

Оралдық жастардың жетістік сыры неде?

Оралда алғаш рет жастардың бейресми кездесуі өтті. «Өркениет: Jayik Smart Ideas club» алаңында болған шарада түрлі салада жетістікке жеткен жастар өз тәжірибелерімен бөлісті, деп хабарлайды NewTimes.kz тілшісі.

БҚО жастар саясаты мәселелері басқармасы ұйымдастырған бұл кездесудің негізгі мақсаты – белсенді, креативті, ойлы жастарды бір-бірімен таныстырып, біріктіру. Олар бұл жерде өз идеяларын, жетістіктерін айтып, тәжірибе алмасатын болады.

«Бүгінгі кездесуді ресми мекемеде өткізсек, жастар өз ойларымен еркін бөлісе алмай, ыңғайсызданар еді. Сондықтан орталарыңызға өзіміз келіп, ойын-сауық орнында, еркін форматта кездесуді ұйғардық. Осы шарадан соң сіздердің ұсыныс-пікірлеріңізді жинақтап, олардың ішінен көпшілік үшін тиімді саналатындарын іріктеп, іске асыратын боламыз», — деді осы кездесуге арнайы келген БҚО әкімінің орынбасары Ғабидолла Оспанқұлов.

Бейресми кездесу болғасын жастар да тартынып қалған жоқ. Өздерінің жетістіктерінің сырларымен бөлісіп, ойда жүрген идеяларын да тартынбастан айтты.

Ақ Жайық өңірінде тең құрбысының алды болған жастың бірі - режиссер Бақыт Қадер. Ауылда туып-өскен ол Нью-Йорк киноакадемиясының түлегі,  бірнеше кино туындының авторы.

«Оралда музыка мамандығы бойынша диплом алғаннан кейін Астанаға барып, өзімнің дыбыс жазатын студиямды аштым. Бірақ бір жерде тоқтап тұрғым келмеді. Сөйтіп, «Болашақ» бағдарламасымен АҚШ-қа оқуға аттандым. Биыл ақпан айында оқуым аяқталып, туған өңіріме оралдым. Алдағы уақытта отандық телеарналардан шығармашылығыммен кеңірек таныса аласыздар. Жалпы өрендер алдына мақсат қоя білуі тиіс. Мақсатқа жету жолында аянбай еңбектеніп, білімді толықтыру керек. Сонда ғана жетістікке жетесің», — деді жас режиссер.

Ал Гордей Трищенков оралдықтарға соңғы кезде фотосуретші ретінде танылып үлгерді. Қол-аяқтарының өсіп-жетілмей қалуы оған сүйікті кәсібімен айналысуға кедергі емес.

«Кейде тойларда фотограф қызметін атқарамын, — дейді Гордей. —Тойдың алдында қызық болады, яғни тапсырыс беретін жандар тефонмен келісіп, кездескен кезде менің мүгедектігімді көріп шошып кетіп жатады. Бірақ түсірген фотосуреттерімді көргеннен кейін ол райларынан қайтады. Қашанда ізденіп, өзімді-өзім қамшылап жүремін. Азды-көпті өмір тәжірибемнен ұғынғанымдай, адам өзі айналысатын ісін сүюі керек. Сонда ғана ол табысқа жетеді».

«Drink&talk» форматында өткен шара соңында жастар пікірлерімен бөлісіп, тәжірибелерімен алмасты.

Ернар ХАЙДАР,

Орал қаласы

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0