пятница, 26 апреля 2024 г.
icon
444.22
icon
476.38
icon
4.82
Алматы:
icon
11oC
Астана:
icon
6oC
1xadv
×

«Қыз Жібек» этно-фольклорлық мюзиклі Атырау тұрғындарына ұсынылады

Атырау қаласында 9-10 сәуірде Махамбет атындағы облыстық театр сахнасында «Қыз Жібек» этно-фольклорлық мюзиклі ұсынылады, деп хабарлайды NewTimes.kz.

Мұнай астанасының тұрғындарына бұл сыйлықты «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының «Astana Musical» театрының ұжымы тарту етпек,

Аталмыш мюзикл «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында және елорданың 20 жылдығына орайластырылып отыр екен.

«Мюзиклді қоюдағы мақсат - қазақтың бай мәдениет таныту», — дейді ұйымдастырушылар.

«Қыз Жібек» мюзиклі осыған дейін Франция, Бельгия, Австралия, Ресей сахналарында қойылған болатын. Шетелдік көрермендер бізді өте жылы қабылдады және біз шетелдік сыншылардың біздің қойылымымызға тамсана қарағандығын көрдік. Енді атыраулықтар да өнеріміздің лайықты бағасын береді деген үміттеміз», — деді өңірлік коммуникациялар қызметінде ҚР Еңбегі сіңген мәдениет қайраткері Асхат Маемиров.

Төлеген мен Қыз Жібек сияқты басты рөлдерді Игілік Оразалы мен Инабат Ризабекова орындайды.

Көрермендер қойылым барысында тек қазақстандық күйлерді тыңдап қана қоймай, қазақтың бата беру, жоқтау сияқты дәстүрлерінен көріністерді тамашалап, айтыс сияқты қазақтың өзге де өнерлерін көре алады.

Астаналық ұжым актерлік шеберліктерін ғана емес, вокал, би өнері, сондай-ақ, акробатикалық трюктер де көрсетеді. Екі жыл бұрын құрылған театр Еуропаның бірнеше елінде өнерлерін паш етіп үлгерген. Енді бұл музыкалық қойылымды Қазақстанның барлық өңірлерінде көрсету жоспарланып отыр.

Ғасырлар қойнауынан сыр шертетін «Қыз Жібек» туындысы – қазақтың лиро-эпостық жырының жауһары. Трагедия кейіпкерлері – Жібек пен Төлеген әлемге әйгілі Ромео мен Джульетта сияқты қазақ халқы үшін махаббаттың символы іспеттес. Оқиғалар негізінен жас батыр Төлеген, Қыз Жібек және ел арасында ержүректігімен, күш-қайратымен аты шыққан батыр Бекежан арасындағы қарым-қатынастар төңірегінде өрбиді де, ақыры Төлеген қызғаныштың құрбаны болады. Сүйгенінсіз Жібекке де өмір жоқ.  Ел бірлігі мен тұтастығы идеясы қатар өріліп, халықтың ой-арманы мен аңсары танылатын, бояуы жарқын қойылымда ұлттың өмірі мен тығыз байланысты дәстүрлер де, бата сөз, қарғыс, жоқтау, зар, көңіл айту, қоштасу және т.б. жақсы көрініс тапқан. Жібек бейнесі - сұлулық пен әсемдіктің нышаны, қазақ халқының мақтанышы, рухани ескерткіш. Дала театрының негізінде сахналанған «Ұлы дала театры» этнофольклорлық мюзиклінен көрермен қазақ халқының ұлттық танымымен етене танысуға мүмкіндік алады. Сондай-ақ, спектакльде қос ақынның сөз тартысы, ой қақтығысымен қатар суырыпсалмалық қабілетін дәріптейтін қазақтың ұлттық өнері ақындар айтысы орын алған.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0