четверг, 18 апреля 2024 г.
icon
448.89
icon
477.93
icon
4.76
Алматы:
icon
15oC
Астана:
icon
12oC
1xadv
×

Атырау мен Астрахан бір-бірімен туристік бағыт алмасуды жоспарлап отыр

Атыраулық делегация Астрахан облысына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды NewTimes.kz.

Атыраулық делегацияның Астраханда туризмді дамыту мүмкіндіктерін талқылаған сапарының мақсаты – Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында әріптестік қатынастарды дамыту.

Делегацияны бастап барған Атырау облысы ішкі саясат басқармасының басшысы Жасұлан Бисембиев, «Атырау-Ақпарат» медиахолдингінің директоры Баязи Әбдешев және «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңсесінің жетекшісі Ринат Құлмағамбетов сапар аясында Қазақстанның Астрахандағы консулы Қанат Шекқалиевпен кездесті.

Кездесу барысында Астрахан облысында тұратын қазақ диаспорасына қатысты маңызды мәселелері қаралып, елдеріміз арасындағы екіжақты ынтымақтастыққа зор маңыз берілетінін атап өтті.

Одан әрі атыраулық делегация Астрахан облысы Үкіметі төрағасының орынбасары – мәдениет және туризм министрі Галина Зотеевамен кездесу өткізді. Кездесуге консул Қанат Шекқалиев арнайы қатысып, өз тарапынан көптеген ұсыныстарды ортаға салды.

Әңгіме барысында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру туралы ақпарат берілді. Осы ретте тараптар саяси және гуманитарлық ынтымақтастық мәселелері кең ауқымда қаралды. Сонымен қатар, мәдениет және туризм саласында бірлескен жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін алға қойған болатын.

Әдетте туристер Астрахан облысындағы Құрманғазы атындағы мәдени орталыққа және Сарай-Бату кешеніне қызығушылық танытып жатады. Ал, қазақстандық делегацияның айтуы бойынша, Атырауда Сарайшық қалашығының маңызы ерекше.

Бүгінгі таңда Сарайшық мұрасын сақтап қалу мақсатында визит-орталық салу жоспарланып отырғанын ескерсек, туристер үшін Сарайшықтың ерекше аймаққа айналары анық. Қазақстанның киелі жерлер географиясы қатарын «Махамбет» мазары мен «Ақмешіт» кешенінің толықтырғаны белгілі.  Осы орайда, Атырау облысының делегациясы орталық басшылығымен екі елдің шекаралас өңіріндегі қасиетті жерлерге туристік бағыттар жасақтауды талқылады.

Сапар аясында делегация Құрманғазы атындағы мәдени орталықты аралады. Володар ауданындағы Алтынжар ауылында орналасқан орталықта ұлы күйшінің шығармашылығына арналған музей жасақталған екен.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0