пятница, 26 апреля 2024 г.
icon
444.22
icon
476.38
icon
4.82
Алматы:
icon
11oC
Астана:
icon
5oC
1xadv
×

Каноэ мен байдарка – БҚО жастарының сүйікті спорт түрі

Каноэ мен байдаркадан есу - Батыс Қазақстан облысында жүйелі түрде дамып, жақсы нәтиже беріп жүрген бірден-бірі спорт түрі, деп хабарлайды NewTimes.kz тілшісі.

Облыстың ғана емес, еліміздің мақтаныштары болып саналатын Алексей Дергунов пен Андрей Ергучев Азия чемпиондары атанып, олимпиада ойындарына қатысып, еліміздің намысын абыроймен қорғап жүр. Қазір олардың іздерін 100-ге жуық өрендер жалғауда.

Орал шаһарының үстінен Жайық, Шаған өзендерінің өтуі осыдан елу жылдан астам уақыт бұрын бұл спорт түрінің дамуына мүмкіндік берді. ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушылары В.Астафьев, А.Новозенко сынды бапкерлердің тәрбиесін көрген ақжайықтық жастардың біразы бұл спортты өмірлеріне серік етті.

Ділназ Алмағамбетова мен Антонина Казанина сондай жастардың қатарынан. Олар бүгінде байдарка мен каноэ есу бойынша жастар арасындағы ұлттық құрама сапына кіреді. Былтыр қос ару Астанадағы спортқа дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернатына оқуға түсті. Айта кетейік, Ділназ бен Антонина - аталмыш спорт түрі бойынша кәсіби тұрғыдан білім алып жатқан алғашқы «қарылғаштар». Таяуда өткен көктемгі ел чемпионатында олар өз топтарында түрлі қашықтықтарда топ жарды. Бұл жетістік қыздарымызға жаңа мүмкіндіктер сыйлады. Яғни Ділназ сәуірдің соңында Барселонаға барып, биыл жазда Аргентинада байрағын көтеретін кіші олимпиада ойындарына берілетін жолдаманың іріктеу турниріне қатысады. Ал Антонина мамырда Словенияда өтетін әлем кубогі кезеңінде және маусымда Болгарияда болатын жастар арасындағы әлем чепионатында бағын сынамақшы. Мамандар олардың жақсы нәтиже көрсетеріне сенім білдіріп отыр.

Байдарка мен каноэ және академиялық есу бойынша БҚО федерациясының президенті Юрий Казаниннің сөзіне қарағанда, бұл спорт түрі әлем бойынша қарқынды дамуда. Соған байланысты оған қызығатын жастар көп. Облыста бұл спортты одан әрі дамыту бағытында жергілікті басшылылық тарапынан тиісті шаралар алынуда. Жастарды салауатты өмір салтына баулу, спортқа деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында федерация облыстық дене тәрбиесі және спорт басқармасымен бірлесіп түрлі іс-шараларды жүзеге асырып жатыр.

«Былтыр ҚР Ұлттық олимпиада комитеті өңірлердегі спорт түрлерін саралау жұмыстарын жүргізген еді, — дейді ол. — Соның нәтижесінде біздің облысымызда каноэ мен байкаркадан есуге жастардың қызығушылығы жақсы екендігі, бұл спорт түрі жүйелі түрде дамып, жақсы нәтиже беріп жатқаны белгілі болды. Соған байланысты ол дамудың жаңа сатысына көтерілмекші. Жастарды бұл спортқа баулу бағытындағы жұмыстар да жаңаша қарқын алмақшы. Мұның бәрі спортшыларымыздың олимп шыңын бағындыруға мүмкіндік береді деп ойлаймын».

Ернар ХАЙДАР,

Орал қаласы

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0