+7 (7172) 79 78 20

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
04.05.2018 в 13:22

Екі ғасыр куәсі: Қызылордада республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

Қызылорда облыстық әкімдігінің ұйымдастыруымен Елордамыз Астананың 20 жылдығы мен Қызылорда қаласының 200 жылдығына арналған «Астана – болашақтың бағдары, Қызылорда – екі ғасыр куәсі» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Биылғы жыл Сыр өңірі үшін тарихи жыл. Ақмешіт 1818 жылы Қоқан хандығы кезінде Сырдария бойында алғаш қорған ретінде салынған. Оның ішіндегі ақ кірпіштен өрілген мешіттің түсіне сай бекініс Ақмешіт деп аталды. Саяси жағдайларға байланысты Қызылорда қаласының тарихында  атауы бірнеше рет өзгертіледі. Қызылорда – Сырдария өзенін жағалай қонған елдің ортақ отаны, қасиетті мекені.

Қызылорда қаласы 1925-1929 жылдары Қазақстанның астанасы болған. Сол жылдары Алаш қайраткерлері мен С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіров, Ж.Мыңбаев секілді азамттар қызмет еткен. Қызылордада тұңғыш рет ұлы жазушы М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек» спектаклі қойылған.

Елбасының төлтумасы саналатын Астана қаласы бүгінде халықаралық деңгейдегі танымал қалалардың бірі. Саяси бітімгершілік алаңына айналған қалада бүгінгі күнге дейін дүниені дүр сілкіндірген талай додалар өтіп, көк байрағымызды көкке желбіреткен жарыстар өткізілуде. Қазіргі таңда Қызылорда заманауи үлгідегі Астанаға қарап, бой түзеп келеді.

Ғылыми-тәжірибелік конференцияға облыс әкімі Қ.Көшербаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты, саясаттану ғылымдарының докторы М.Бақтиярұлы, Ш.Уәлиханов атындағы және этнология институтының директоры, т.ғ.д., профессор З.Қабылдинов,   Қазақ Ұлттық аграрлық университетінің жанындағы «Рухани жаңғыру» орталығының  директоры, профессор Х.Әбжанов және Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ Түркітану кафедрасының профессоры, ҚР Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі А.Шәріп, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің профессоры, ф.ғ.д. Б.Кәрібозұлы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің профессоры, э.ғ.д. Ү.Ж.Шалболова, аймақтық «Рухани жаңғыру» орталығының бөлім басшысы, ф.ғ.к. С.Қосан қатысып баяндама оқитын болады.  

Конференция барысында Астана мен Қызылорда қалалары жайлы деректі фильм көрсетілген болатын. Екі қала арасындағы экономикалық, мәдени, рухани байланыстардың мәні ашылып, болашағы жайлы  сөз етілді.

Конференцияда Қызылорда қаласының 200 жылдық тарихында болған түрлі саяси оқиғалар мен ұлт руханиятындағы маңызды мәліметтер таныстырылды. Астана қаласының бүгінгі келбеті мен халықаралық деңгейдегі статусы жайлы тағылымды ойлар айтылды.


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии в первом абзаце гиперссылки на непосредственный адрес материала на сайте ИА «NewTimes.kz». Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 797820
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика