пятница, 26 апреля 2024 г.
icon
444.22
icon
476.38
icon
4.82
Алматы:
icon
7oC
Астана:
icon
11oC
1xadv
×

Қызылордада Өнер Арбаты ашылды

Бүгін бірлік мерекесі қарсаңында Қызылордада «Өнер арбаты» салтанатты түрде ашылды, деп хабарлайды NewTimes.kz тілшісі.

Аталмыш шара Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының бір жылдығына орай ұйымдастырылған болатын.

Жобаның мақсаты - өнер туындыларын жол үстінде тамашалау арқылы  рухани дүниеге деген халықтың ықыласын нығайту. Сонымен қатар өнер адамдарының шебер-кластар (мастер-класс) өткізетін, тапсырыс қабылдап, жұмыс жасайтын жәрмеңкелік орынға айналдыру. Жергілікті өнер шеберлерінің танымалдығын қалыптастырып, жас суретшілерді оқыту және тәрбиелеу, кәсіби қолөнершілердің шебер-кластарын ұйымдастыру.

1 мамыр күні тура осы жер нағыз өнер мен мәдениеттің тоғысқан тұсы болып тұр. Бекерден бекер бұл жер таңдалған жоқ. Нағыз орталық. Алаңның маңы. Халықтың серуендейтін жері. Ең бастысы, қызылордалық жігерлі топтың идеясы қолдау тапты. Бүгінде Арбат бойында тігілген 8 жартылай шаңырақта өңірдің 7 ауданы мен облыс орталығының ісмер-зергерлерінің бұйымдары ұсынылған. Алаңда вокалды-аспапты ансамбль сүймелдеуімен көше билерін билеп, спорттық сайыстар өткізуіне бар мүмкіндік жасалған.

«Әлемнің барлық қаласында халықтың ішінен шыққан көше музыканттары мен суретшілер, ісмерлер бас қосқан мәдени бұрыштар болады. Ол да мәдениеттің бір бөлшегі. Өйткені олардың өнері өзіндік әрі қайталанбас даралығымен ерекшеленеді. Жүрекке жылылық сыйлайды. Әрі әрбір қаланың бейнесін аша түседі. Біздің арбат та шын мәнінде барша қызылордалықтардың сүйікті орнына, ал қала қонақтарының көруге ынтық мәдениет мекеніне айналады деген сенімдеміз», — дейді қала тұрғыны.

Енди «Өнер арбатында» күнделікті кәсіби және әуесқой суретшілерінің туындылары, қолөнер шеберлерінің бұйымдары, кәдесыйлар орналастырылатын ашық аспан астында мәдени жәрмеңке-көрмелері өткізілетін болады. Нәтижесінде «Өнер арбаты» халықтың рухани демалатын қоғамдық-мәдени орынға айналады.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0