четверг, 25 апреля 2024 г.
icon
443.85
icon
474.3
icon
4.8
Алматы:
icon
17oC
Астана:
icon
9oC
1xadv
×

Шымкентте зағип кәсіпкер мұқтаж жандарға 100 қап ұн таратты

Сауаптар молынан жазылатын қасиетті Рамазан айында облыстық зағиптар қоғамында мүмкіндігі шектеулі жандарға 100 қап ұн таратылды. Қайырымдылық шарасына ұйытқы болған Жұманәлі Сыздықовтың өзі 1-ші топтағы мүмкіндігі шектеулі жан.

Тағдырластарына тарту жасауды жыл сайын ұмытпайды. 55 жастағы кәсіпкер 29 жасында бір түнде көз жанарынан айырылған. 26 жылдан бері денсаулық саласында кәсібін дөңгелеткен қайырымды жанға зағиптардың айтар алғысы мол болды.

Бәкір Әбдікұлы: «Өзіміз секілді тағдырлас, көзінің көрмеуіне байланысты 1-ші топтың мүгедегі  Жұманәлі Сыздықов жыл сайын осындай сауапты істердің ұйытқысы болып жүреді. Алғысымызды білдіреміз. Қасиетті Рамазан айында жасаған әрбір қайырымды ісінің сауабы еселенсін!».

Айта кетейік, Жұманәлі Сыздықов 1991 жылы қос жанарынан бір-ақ түнде айрылған. Түнде ұйықтап, таңертең тұрғанында оның екі көзі де көрмей қалыпты. Ал, ауруханада жатқан кезде әйелі тастап кеткен. Осындай ауыртпалықтарға қарамастан, өмірдің қиындықтарына қарамай Жұманәлі екінші рет үйленіп, үш бала сүйіп, өз кәсібін дөңгелеткен аз адамның бірі.

Денсаулығы барында жастайынан көлік айдап, темір тұлпарын серік еткен азамат жанарынан айрылған соң көлік жөндеумен айналысыпты. Кейін тоңазытқыш секілді тұрмыстық техникаларды жөндеуді үйреніп, кәсіп ете бастаған. Біршама уақыт өткенде жиһаз жасауды да меңгеріп алыпты. Көмекшісі - екі ұлы. Әкесі қайда барса да, ұлдарын жанынан тастамайды.

«Еңбекке келгенде ештеңені намыс көрмедім. Қолымнан келгенше тырысып, адал еңбек етіп келемін. Тапқан дүниеме ешқашан мастанған емеспін. Керісінше, ай сайынғы табысымның 30 пайызын өзім секілді мүгедектерге беріп отырамын. Демеушілік жасаудағы мақсатым – мақтанқұмарлық емес. Өзім секілді мүмкіндігі шектеулі азаматтардың еңбекке деген үмітін ояту, сол кісілерді өз беттерімен әрекет жасауға үгіттеу», – дейді Ж.Сыздықов.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0