вторник, 23 апреля 2024 г.
icon
445.66
icon
474.58
icon
4.78
Алматы:
icon
17oC
Астана:
icon
15oC
1xadv
×

Шымкентте кәсіпкерлер тауарларын төмен бағамен сатты

Оңтүстік Қазақстан облысының орталығында 1 мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесіне орай отандық тауар өндірушілердің жәрмеңкесі өтті. Мемлекеттік бағдарлама аясында өз кәсібін дөңгелеткен 60 кәсіпкер келушілерге өздерінің тауарларын төменгі бағада ұсынды, деп хабарлайды Newtimes.kz тілшісі.

Алғаш рет жұмыспен қамту бағдарламасының қатысушыларымен өткен жәрмеңкені облыс әкімдігі мен «Даму» қоры, «Оңтүстік» АИО және «Ырыс» микроқаржы ұйымдары ұйымдастырды.

«Еңбек» жаппай кәсіпкерлік бағдарламасы қатысушыларының жәрмеңкесінде ет және сүт өнімдері, жеміс-жидек, көкөністер мен қолөнер шеберлерінің бұйымдары сатылды. Мерекелік жәрмеңке болғандықтан мұнда ойын-сауық және концерттік шоу-бағдарламалар қойылып, сыйлықтар ұтысы ұйымдастырылды. Сондай-ақ, сатып алушыларға лотерея билеттері таратылып, жеңімпаздарға жәрмеңке алаңында ғана жарамды ақшалай купондар табысталды.

Айта кетейік, «Еңбек» жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының арқасында «Даму» қоры арқылы Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша 150 бастауыш және ағымдағы кәсіпкерлер өз ісін ашып, кеңейту мүмкіндігіне ие болды. Сол 150-дің жартысынан астамы Шымкент қаласына тиесілі. Жалпы қаржыландыру көлемі 1,4 млрд. теңгені құрады.

Ал, «Ырыс» микроқаржы ұйымы 2017 жылы аталған бағдарлама аясында «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры мен «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы жалпы 900 млн. теңге қаражат тартып, нәтижесінде 180 жаңа жұмыс орны құрылған 191 жобаны қаржыландырды.

 Айта кету керек, Аграрлық несие корпорациясынан тартылған қаражат ауыл тұрғындарына таратылса, «Даму» қорынан бөлінген қаражат арқылы Кентау, Түркістан және Шымкент қалаларының тұрғындары несиелендірілді.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0