четверг, 9 мая 2024 г.
icon
439.43
icon
473.31
icon
4.82
Алматы:
icon
18oC
Астана:
icon
17oC
1xadv
×

Кәсіпкерлер палатасы монополистке де, кәсіпкерлерге де қолайлы шешімге қол жеткізді

Шымкентте «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ жергілікті кәсіпкерлер арасында көпке созылған дау ақыры шешімін тапты. Мұндай келісімге қол жеткізуге Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өңірдегі филиалы мұрындық болып отыр.

Екі тараптың дауласуына себеп болған жайт жүкті арту-түсіру бекеттерінің аяқасты ауысып ктеуінде. «ҚТЖ-Жүк тасымалы» кәсіпкерлерге ескертпестен осынау бекеттердің орнын ауыстырып жіберіпті. Яғни, бұған дпейін 30-дан астам кәсіпкер Қорғасын, Қызыл-Сай және Шымкент атты үш бекетте жүк алып және тиеп келген болса, мамыр айының ортасында аталған орындар «Continental Logistics» ЖШС-не тиесілі «Игілік» станциясына ауысып кетіпті. Бұл бекет қаланың мүлдем өзге бөлігінде.

Бұған қоса, бұл ҚТЖ-дан ынтымақтастықты тоқтату туралы ешқандай ескертусіз кәсіпкерлерге қысым жасаған монополистің өз шешімімен, бекетке жүкті жеткізуге барлық талаптарды бұза отырып жасалған.

«Бізді әуежайдың артындағы жердің алыс жағына, жаңа станцияға көшуге мәжбүрлеуде. Бірақ біздің қоймаларымыздың барлығы осында, бізге қоймаларымыздың жанында орналасқан осы бекеттерден тауарларды жіберуге және алуға ыңғайлы. Әйтпесе біз тасымалдау, тиеу және түсіру үшін қосымша шығындарды көтеруге мәжбүрміз. Ал, бүгін біздің вагондарымыз жәй ғана тұр, біз олардың тұрған уақытына да ақша төлейміз, жеткізу мерзімі де, клиенттер алдындағы міндеттеріміз де бұзылды» , – деп ашуланды кәсіпкерлер.

Қорғасын», «Қызыл-Сай» және «Шымкент» станцияларының қоймаларының иелері мен тармақ иеленушілері бірнеше жылдар бойы жинақтаған клиенттік базадан айырылатынын айтып шағымданды. «Барлығы жаңа станцияға көшеді, біздің қоймаларымыз бос болады. Ал салықтар қалай төленеді?» деді олар.

Кәсіпкерлердің ұстанымы біржақты болды – олар өз тауарларын келісімшарттарда көрсетілген мекенжай бойынша жеткізуді талап етті, оның үстіне кәсіпкерлер ретінде олар жеткізу бекетін таңдау құқығына ие.

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» Шымкент қаласы бойынша филиалы директорының орынбасары Бақтыбай Қасымбеков болса ескі теміржол станциялары жүк вагондарының ағынын  игере алмай жатыр деп кәсіпкерлерге қарсы пікір айтты.

ОҚО Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Қайрат Акенов теміржолдың ниеті түсінікті және қисынды екендігін атап өтті:

– Бәрі өздерінің қатынайтын жолдары жоқ жүк жөнелтушілер мен жүк алушыларға ыңғайлы болу үшін жасалуда. Жаңа көлік логистикалық орталықта барлық жағдай жасалған: сақтау қоймалары, контейнерлік терминалдар, тарату, кеден және көлік қызметтері бар. Бірақ бұл талассыз: осы жағдайда теміржол тарапынан бұзушылықтар жіберілген.

ҚР  «Теміржол көлігі туралы» Заңының 36-бабына сәйкес жүк жөнелтiлу мен жеткізілу бекеті көрсетілген теміржол жүкқұжатын құру арқылы тасымалдау туралы шарт жасалады. Яғни, егер жүкқұжатта «Қорғасын» станциясының атауы көрсетілсе, онда тауар «Қорғасын» станциясынан басқа ешқайда жеткізілмеуі тиіс. Бүгінгі жағдайдағы теміржол жүк тағайындалған станцияға жүк жеткізу бойынша шарттық міндеттемелерді бұзды. Осылайша, темір жол, табиғи монополия субъектісі бола отырып, әсер ету тетігін пайдалынып, кәсіпкерлерге қосымша қаржылай залал келтіріп, жасанды тосқауыл жасауда – деді ол.

Шымкенттің көлік прокуратурасының өкілдері қатысқан шулы диалогтық келіссөздердің нәтижесі барлық қатысушыларды қанағаттандырды: ҚТЖ-дан вагондарды теміржол жүкқұжатында көрсетілген бағытқа сәйкес қатаң түрде қабылдап, жөнелтілуге қол жеткізілді.

 

AZALA – біздің импортқа жауабымыз

 

Былтыр жыл соңында «Жасампаз» консорциумының мүшесі болып табылатын «Azala textile» компаниясы «Іскер» номинациясы бойынша жеңімпаз атанған болатын. Осынау марапат күні бүгін компания қызметкерлеріне ресми табысталды.

Айта кетейік, «Іскер» номинациясы 2015 жылдан бері отандық өнім өндіретін компанияларға табысталып келеді.

Марапаттау рәсімі ҚР Президентінің «Алтын Сапа» сыйлығына және «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі аясында өтті.

Қуаты 2 800 тонна иірілген жіп пен жылына 14 млн метрлік қатты мата өндіретін «Azala textile» мақта комбинаты Шымкент қаласында орналасқан. Өнімнің жоғары сапасы арқасында зауыт Қазақстандық жеңіл өнеркәсіптің көшбасшыларының бірі ғана емес, сондай-ақ тоқыма бұйымдарының халықаралық бренді ретінде өзін ұстанады.

Қазақстандық тұтынушыларды осындай отандық өндірушіні қолдауға көндірудің қажеті жоқ: өнімнің сапасына сенімді бола отырып, сатып алушы өзі дұрыс таңдау жасайды. Бүгінгі таңда Оңтүстік Қазақстандағы тұрмыстық тоқыма бұйымдарының жоғары сапалы және қолжетімді өнімдері бар «АЗАЛА» тауар белгісі тек ішкі нарыққа ғана емес, сыртқы нарықты да сенімді түрде жаулауда. Мұнда импортты алмастыру және экспортқа бағытталған. «Azala textile» ЖШС өнімдерін ТМД елдеріне, сондай-ақ Германия, Италия, Польша, Бельгия, Дания, тіпті Түркияға шығаруылуда.

Зауыттың барлық өнімі ұлттық және халықаралық сапа стандарттарының талаптарына сәйкес сертификатталған. Өнімдер гигиеналық, гигроскопиялық, қоршаған ортаның дұрыстығына, тозуға төзімділігімен ерекшеленеді. 2015 жылы компания ISO 9001: 2008 менеджмент жүйесінің халықаралық сертификатын алды.

«Кластер» деген өте танымал термин осы комбинатты толығымен сипаттайды: мақтаны өздері өсіреді, әртүрлі маталарды шығарып өздері өңдейді, содан соң дайын өнімді тігеді. Өндірістің толық циклі әрбір кезеңде жоғары сапалы өнімдерді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Үш жыл бұрын «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасына қатысу арқылы зауыттың өндірістік қуаттары кеңейтілді: бояу және тігін цехтары қосылды. Қайта құрудан кейін «Azala textile» ЖШС толықтай өндірістік циклы бар Қазақстанда тұңғыш тоқыма өндірісі болды. Бүгінгі күні ол ең үлкен, жылына 2 800 тонна иірілген жіп және 14 миллион мықты мата, 7 миллионнан астам түкті өнімнен, 2 миллионнан астам төсек-орындар шығарады.

Бұл зауыт қуаттылығымен де таң қалдыруда. Үлкен цехтарда – Benninger (Швейцария) және Picanol (Бельгия) шығарған заманауи технологиялық станоктармен жабдықталған. Жұмысщылардың орнына автоматтандырылған жабдықтар көрсетілген жұмысты жасауда. Жарамсыз өнімдерді анықтайтын арнайы цех та жұмыс жасайды. Маталардың барлығын  жарықтарда талаптарға сәйкес келулерін мұқият тексеріледі.

«Өндірістік циклде компьютерлік бақылау жүйесімен және қолмен басқару қажеттілігін жоятын белгіленген жұмыс параметрлерін реттеп отыратын жүйемен жабдықталған. Технологиялық процесс мақта тазалаудан басталады. Келесі кезең – иірілген жіп өндіру, содан кейін - қатты маталарды шығару. Бұл жартылай фабрикаттардың бір түрі. Бояу үшін пайдаланатын бояуларға біз жоғары талаптар қоямыз, оларды зертханамызда қосымша зерттейміз. Біздің өніміміздің сапасы негізінен соларға байланысты. Бояғыштардың тұрақтылығы – бесінші дәреже. Бұл дегеніміз, бұйымдардың түсі оңып кетпейді. Олар жиі жуудан немесе жоғары температурадан қорықпайды. Ал бояғыштың  қазір бізде 30-дан астам түсі бар», – дейді зауыттың бас конструкторы Е.Перовская, зауытта экскурсия жүргізіп.

Төсек жиынтығын шығарумен дизайн бөлімі арқылы айналысады. Бүгінгі таңда ассортиментте әр талғамға 70-тен астам сурет бар: гүлдік әшекейлер, геометриялық, балаларға арналған және ұлттық ою өрнектер. Тапсырыспен жасауға да болады. Бязь, сатин, ранфорс - төсек-орын заттары тұтынушылар үшін ең танымал мата. Тұрақты әрі ыңғайлы. Сұранстарды ұдайы зерделеп, «Azala textile» ЖШС мамандары тұтынушының барлық үміттерін ескеруге тырысады. Бұл табысқа жетудің әмбебап формуласы, ол өзінің тиімділігін дәлелдеді: жоғары сапа және қол жетімді баға.

Сұраныстарды зерделей келе, «AZALA Textile» бірте-бірте отандық жеңіл өнеркәсіп саласындағы орнын толтыруда  өнімнің номенклатурасында қатал, жеңіл боялған, басып шығарылған және түкті маталардан соң ҚР Қарулы Күштерінің жабдықтауға да мүмкіндік беруде.

 «AZALA Textile» ЖШС – «Жасампаз» консорциумының мүшесі. «Казинжиниринг» ұлттық компаниясы және ҚР Қорғаныс министрлігінің тапсырысы бойынша әскери киім маталарын шығаруда. Өткен жылдың жаңалығы - түкті жаккард. Маталардағы болашақ үлгіні салуға станок компьютерінде тапсырма беріп, мыңдаған инелер матаға бірнеше секундта сурет салып шығаруда Бүгінде бұл компания елдегі бірде-бір тоқыма кәсіпорыны жасай алмайтын артықшылықтарымен ерекшеленеді.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0