среда, 24 апреля 2024 г.
icon
444.32
icon
473.33
icon
4.76
Алматы:
icon
20oC
Астана:
icon
10oC
1xadv
×

Студенттерді жұмыспен қамтудың оңтайландырылған жобасы

Биыл Жәңгір хан атындағы БҚАТУ 2-3 курс студенттері үшін жаңа жобаны қолға алып отыр. Бұл жұмыс берушілер тарапынан да қолдау табуда, деп хабарлайды NewTimes.kz.

Нақтылап айтсақ, 2-3 курстарды аяқтағандар «Жастар тәжірибесі» аясында түрлі мекеме-кәсіпорындарға жұмысқа жіберіледі. Егер студенттер үш айлық қызмет кезінде өздерін жақсы қырынан көрсетсе, оқудан қолүзбестен сол жұмыстарын жалғастыра беретін болады. Сөйтіп білімді де білікті де маман болып қалыптасып, диплом алғаннан кейін де сол жерде қызмет етеді.

Таяуда университетте өткен жұмыс жәрменкесінде жұмыс берушілер де осынау жобаға қолдау білдіріп, жүздеген студенттің түйіндемелерін алып кетті. Түйіндеме тапсырған студенттердің бірі – Аслан Уәлиолла.

«Бұл - студенттер үшін тиімді жоба. Әйтпесе тек жаз айналарында тұрақты жұмыс істейсің де, басқа уақыттарда жұмыстан қол үзуге тура келетін. Мәселен, мен жағыз анама көмектесу үшін кафелерде даяшы қызметтерін атқарамын. Машина жасау факультетінде оқып жатқандықтан уақытша жұмысым маған аса ұнамайды. Басқа амал жоқ болғасын не істейсің?! Енді өз мамандығыма сәйкес Оралдағы кәсіпорынның біріне «Жастар тәжірибесі» негізінде қызметке алынсам, әрі маман болып қалыптасып, әрі ақша табамын. Болашақта сол жер тұратақты жұмыс орныма айналады деп ойлаймын», — деді ол.

Оралдағы «Гирдоприбор» ҒЗИ» АҚ бас директорының орынбасары Александр Мираненконың сөзіне қарағанда, кәсіпорын жас мамандарға зәру. Мұндағы инженерлер мен өзге де техникалық мамандық иелері біраз жасқа келді. Ертең олардың орындарын бастын кадрлар керек. Сол себепті студенттерді оқудан қолүзбестен жұмысқа тартуды заман талабы деп біледі. Жалпы ҒЗИ-ға өндірістік тәжірибеден өтуге келетін БҚАТУ студенттерді өздерін жақсы жағынан көрсетіп жүр. Бұл оқу орнын бітіріп, осында жұмысқа тұрған жас мамандар мемлекеттік индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында алынған тапсырыстарды орындауға айтырлықтай өз үлестерін қосуда. Егер студент кезден бастап өндіріс орнымен тығыз қарым-қатынас орнатса, диплом алғанға дейін ортанқол маман ретінде қалыптасуына мүмкіндік мол.

Ернар ХАЙДАР,

Орал қаласы

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0