+7 (7172) 30 85 71

Написать нам в WhatsApp: +7 (707) 888 02 16
29.05.2018 в 11:11

«Фирдоусидің шахнамасы Тұрмағамбет Ізтілеуұлының туған жерінде» атты Иранның сәндік-қолданбалы өнерінің көрмесі ашылды

28 мамыр күні сағат 15.00-де Қызылорда облысының әкімдігі мен Иран Ислам Республикасының Қазақстандағы елшілігінің ұйымдастыруымен Қызылорда қаласының 200 жылдығына орай Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің филиалы көркемсурет галереясында «Фирдоусидің Шахнамасы Тұрмағамбет Ізтілеуұлының туған жерінде» атты көрмесінің ашылу рәсімі өтті.

Шараға Қызылорда облысының зиялы қауым өкілдері, өнер қайраткерлері, студенттер және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен қала тұрғындары қатысты.

Көрменің мақсаты – Қазақстан Республикасы мен Иран Ислам Республикасы арасындағы мәдени-тарихи байланысты нығайту, өзара ынтымақтастықты дамыту.

Көрменің ресми ашылуында сөз алған облыс әкімінің орынбасары Р. Рүстемов аталмыш көрменің көршілес өңірлердің өзара мәдени-тарихи байланысының ілгерілеуіне із қалдыратынын, тарихымызды еске алып, болашаққа байлам жасаудың тамаша көрінісі екенін атап көрсетті.

Иран Ислам Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің кеңесшісі Масуд Шейх Зейнеддин қазақ елінің қонақжайлығына ризашылығын білдіре отырып, екі мемлекет арасындағы мәдени байланыстардың маңызына тоқталып, бүгінгі мәдени және рухани байланыстың екі ел арасындағы мәңгі достықтың бекем негізін қалайтындығын айтып өтті.

Көрмеге «Шахнаме» шығармасының қазақша нұсқасы, шығарманың мазмұнын сипаттайтын суреттер, орыс тіліндегі Иран жазушы, ақындарының шығармалары қойылды.

Сонымен қатар, көрмеге келушілер ұрпақтан ұрпаққа мұра болып келе жатырған жануарлардың сүйегі тұріндегі мозайкалардан тұратын әртүрлі ағаштардан жасалынған қобдишалар, түрлі сюжетті композициядан тұратын тағамдар, ерте кезеңдегі технологиямен жасалынған дастархан т.б заттар арқылы Иран елінің мәдениетімен таныса алды.
Иран Қазақстанның тәуелсіздігін мойындап, Қазақстанда елшілік ашқан алғашқы мемлекеттердің бірі. Иран Ислам Елшілігінің Қазақстандағы мәдени орталығы өз қызметін 22 жыл бұрын бастаған. Орталықтың бас кеңсесі елордаға 8 жыл бұрын көшіп келіп, өнер, мәдениет, ғылым және білім саласында тығыз жұмыс жасауда. Біздің қарым-қатынасымыз экономика, саясат, көлік, сауда бағытында дамуда.

Екі мемлекет арасындағы сенімнің жоғары деңгейін, өзара түсіністік пен қолдау дәстүрлерін, Қазақстан-Иран ынтымақтастығының сындарлы үлгісін ашып көрсететін көрме материалдары көпшіліктің қызығушылын тудырды. Көрмеге барлығы 82 зат қойылды, оның 30-ы картина.

Көрме 28 мамыр-6 маусым аралығында дейін жұмыс жасайды.

Самые интересные новости в нашем Telegram-канале


Редакция

Новости Казахстана

ИА «NewTimes.kz» ЗАПРЕЩАЕТ копировать и перепечатывать материалы агентства с пометкой «Эксклюзив», а также их фрагменты. ЗАПРЕТ распространяется на все зарегистрированные СМИ, а также паблики в Instagram. Полное воспроизведение или частичное цитирование других материалов агентства допускаются только при наличии гиперссылки на ИА «NewTimes.kz» в первом абзаце. Фото- и видеоматериалы могут быть скопированы и размещены только с подписью «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. 
Реклама на сайте

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика