четверг, 25 апреля 2024 г.
icon
444.32
icon
473.33
icon
4.76
Алматы:
icon
15oC
Астана:
icon
-1oC
1xadv
×

Қызылорда облысының Қазақстан халқы ассамблеясының кезекті сессиясы өтті

Облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен Қызылорда облысының Қазақстан халқы ассамблеясының «Бес әлеуметтік бастама – қоғамның әлеуметтік бірлігінің тұғыры» тақырыбындағы ХХI сессиясы өтті, деп хабарлайды NewTimes.kz.

Сессияның күн тәртібінде бірнеше мәселе қаралды. Кіріспе сөз облыс әкімі, облыстық ассамблея төрағасы Қырымбек Елеуұлына берілді.

«Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылған күнінен бастап орасан зор біріктірушілік және зияткерлік әлеует жинақтап, еліміздегі бірліктің ұйытқысы, сарқылмас берекенің бастауы болып келеді. Бүгінде ол – 130-дан астам этностың басын біріктіретін еліміздегі татулық пен тұрақтылықтың ең басты кепілі. Биылғы жылдың 28-сәуірінде жұлдызында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен «Бес әлеуметтік бастама – қоғамның әлеуметтік тұғырының бірлігі» күн тәртібімен Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVI сессиясы болып өтті. Сессия жұмысы барысында еліміз үшін маңызы зор мәселелер талқыланды. Атап айтқанда, Елбасының наурыз айында ұсынған әлеуметтік жаңғыру жолындағы «Президенттің бес бастамасын» ілгерілету бойынша келелі әңгімелер өрбіп, нақты тапсырмалар берілген болатын», — деген облыс басшысы.

Сонымен қатар әкім бүгінгі сессияда талқыланған мәселелер бойынша бірқатар міндеттерді белгілеп, олардың орындалуы облыстық ассамблеяның жұмысын жаңа деңгейге көтеретіндігін айтып өтті.

Сессия қатысушылар Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуінде көрсетілген мәселелерді жүзеге асыру мен тарату төңірегінде және бейбітшілік пен келісімді нығайту, ұлттық құндылықтарды сақтай отырып, ұрпақ сабақтастығын өркендету, үштілділікті дамыту жайлы ой-пікірлерімен бөлісті. Мемлекет басшысының сарабдал саясаты мен жүргізіліп жатқан реформаларды қолдап, рухани жаңғыру жолында аянбай еңбек етуге шақырды.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0