пятница, 29 марта 2024 г.
icon
449.58
icon
486.94
icon
4.86
Алматы:
icon
8oC
Астана:
icon
3oC
1xadv
×

Рухани жаңғыру негізі: Атырауда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары анықталды

Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында «Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды» деп ұлттық жаңғырудың негізгі алғышарттарын айқындап берді. Демек көне дәуірлерден бастау алатын, өзінің тарихи тәжірибесінен, игі салт, ізгі дәстүрлерінен мүлдем қол үзген қоғамда жаңғыру немесе жаңару мүмкін емес. Халқымыздың осындай тамыры терең кеткен, тарихымен бірге жалғасып келе жатқан рухани байлықтарының бірі отбасы құндылықтары екенін білеміз.

Осы орайда Атырауда кезекті «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының облыстық кезеңі болып өтті.

Биыл аудандық, қалалық деңгейдегі байқауда 32 отбасы облыстық кезеңге жолдама алды. Олардың ішінен оқ бойы оза шыққан 16 үздік отбасы іріктелген болатын.

Еңбекте, спортта, өнерде, шығармашылық пен ғылымда жетістікке жетіп, байқаудың жеңімпазы атанған отбасыларды облыс әкімінің орынбасары Айгүл Әжіғалиева құттықтады.

«Елбасының тапсырмасы негізінде қолға алынған бұл байқау бес жылдан бері ұйымдастырылуда. Отбасы құндылықтарын дәріптеп, оны насихаттауда мұндай шараның мәні мен маңызы зор. Мерейлі отбасыларды көпшілікке ұлықтау, кейінгі ұрпаққа үлгі ету – басты мақсат. Сондықтан, мәртебесі зор бұл үрдіс алдағы уақытта да дәстүрлі жалғасын табады», – деді Айгүл Теміртасқызы.

Байқауда бақ сынап, белсенділік танытқан бірқатар отбасы мүшелері облыс әкімі атынан Алғыс хатпен марапатталды.

Байқау қорытындысы бойынша, үшінші орынға Құрманғазы ауданынан еңбек жолын мәдени саладан бастап, кейін осы қызметтің нағыз майталманына айналған Әуез Ізжановтың шаңырағы ие болды

Конкурсқа қатысқан Жылыой ауданының Құрметті азаматы Нұрдәулет Ақназаровтың отбасы сайыстың екінші тұғырынан көрінді.

Адамгершілік құндылықтар мен ұлттық тәрбиені насихаттайтын шарада жүлделі бірінші орын екі отбасыға бұйырды. Олардың бірі – 45 жыл бойы журналистика саласында талмай еңбек етіп, бүгінде зейнет жасында болса да әлі де қызметтен қол үзбеген Кәрім Бақриденов отбасы. Кәрім аға – қазір 70 жаста. Атырау қаласында тұрады. Құрметті зейнет демалысында болғанымен, аудармашы, тіл маманы болып әлі де еңбек етуде.

Екінші жеңімпаз – Индер ауданынан қатысқан Тасқариндер отбасы.  Отағасы Сүндет Тасқарин – Ұлы  Отан соғысының ардагері, Есбол аудандық партия комитетінің нұсқаушысы, аудандық кеңестің жауапты хатшысы, бөлім меңгерушісі, аудандық шикізат дайындау кеңсесінің директоры секілді бірқатар басшылық қызметтер атқарды.

Отанасы Шәйда Бекмұханова өткен жылы дүниеден өтті. Білім, мәдениет, байланыс торабы салаларында қызмет етті. Отбасында бес баладан жеті немере, 17 жиен мен алты шөбере, 12 жиеншар тәрбиелеп өсірген отбасының ұрпақтары сахна төрінен орын алып, бұл жетістіктері ұрпақ сабақтастығында зор мәртебе екендігін айтты.

Жеңімпаз атанған Бақриденов Кәрім мен Тасқарин Сүндеттің отбасылары Астана қаласында өтетін республикалық дәрежедегі «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауында өңірдің мәртебесін қорғайды.

Әр жылы өтетін «Мерейлі отбасы» бай­қауын­да еліміздегі ең үлгілі отбасы­лар­дың өмірі насихатталып, түрлі айтулы марапатқа ие болуы да елі­мізде дәс­түрге айналған. Әрине отба­сы­­лық саясаттан бөлек отбасы­лық құн­дылықтар деген бар. Ол хал­қы­мыздың тарихымен бірге қай­нап, пісіп шыққан отбасылық дәстүр­лер, отбасы мәдениеті мен этикасы. Отбасының қалыптасуына, қоғам­ның қалыптасуы тікелей байланыс­ты. «Әке – асқар тау, ана – мөлдір бұлақ, бала – жағасындағы құрақ», деген даналық сөз ұлттық тәрбиенің отбасылық өмірде атқарар рөлін айқындап тұрғандай. 

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0