пятница, 26 апреля 2024 г.
icon
444.22
icon
476.38
icon
4.82
Алматы:
icon
9oC
Астана:
icon
8oC
1xadv
×

«Жасылелдіктер» атқа қонды: БҚО жастары ауыл-аймақты көркейтуге белсене атсалысуда

Жастар арасын­дағы жұмыссыздық деңгейін төмендетуде «Жасыл ел» жасағының орны зор. Елбасы тапсырма­сымен 2005 жылы бастау алған «Жасыл ел» бағдарламасы облысымызда да жоғары деңгейде жүзеге асуда, деп хабарлайды NewTimes.kz тілшісі.

Бұл туралы БҚО әкімі Алтай Көлгінов Жаңақала ауданында «жасылелдіктермен» кездескен кезде мәлімдеді. Облыс басшысы ауыл-аймақты дамыту мен көркейтуге жастар белсене атсалысу керектігін де айтып, жергілікті жастарға сәттілік тіледі.

Айта кетейік, «Жасыл ел» бағдарламасы Жаңақала ауданында биыл алғаш рет қолға алынып отыр. Өйткені, ауданда орман шаруашылығы жоқ болғандықтан, олар аталмыш бағдарламаға қатыса алмай келген. Аудан әкімі Наурызбай Қарағойшиннің араласуының нәтижесінде биыл бұл мәселе шешімін тапты. Яғни аталмыш бағдарламаның көгалдандыру бағыты бойынша жаңақалалық жастар да «жасылелдіктердің» сапына қосылды.

«Ағымдағы жылы ауданымыздағы 50 жас «Жасыл ел» бағдарламасы аясында жұмыспен қамтылады. Олар аудан орталығын көгалданыдыру, абаттандыру жұмыстарына атсалыспақшы. 1 маусымда салтанатты түрде ашылған еңбек маусымында  23 жігіт пен қыз саябақтарды оңалтумен, тазалық жұмыстарын жүргізумен айналысуда. Қалғандары шілдеде аталмыш жұмыстарды жалғастыратын болады. Биыл бұл жобаға аудандық бюджеттен 1,5 млн теңге, облыстан 1,8 млн теңге қаржы қарастырылды. Бұйыртса, енді «Жасыл ел» жасақтары ауданымызда тұрақты түрде жасақталады»,— дейді Жаңақала аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы Жақсылық Хайрелов.

Жаңақалалық «жасылелдіктердің» елу пайызын студенттер құрайды. Бұрын олар жазғы демалыста қаржы табу үшін Орал қаласында қалуға мәжбүр болса, енді ауылдарына келіп, ата-ана, бауырларының қасында туған жерлерінің көркеюі үшін еңбек етуде.

Ернар ХАЙДАР,

Батыс Қазақстан облысы

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0