пятница, 10 мая 2024 г.
icon
439.43
icon
473.31
icon
4.82
Алматы:
icon
20oC
Астана:
icon
11oC
1xadv
×

Жаңақалада жұмыссыз жастар азаюда

Жаңақала ауданында NEET санатына кіретін жастармен жұмыс жүйелі жолға қойылуда. Яғни ауылдардағы жұмыс істемейтін, оқымайтын жастарды қоғамдық өмірге тарту мақсатында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып жатыр. Бұл туралы «Өрле, Қазақстан!» ақпараттық-түсіндіру тобының жаңақалалық жастарымен кездесуі кезінде айтылды, деп хабарлайды NewTimes.kz тілшісі.

БҚО жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен өткен жиында баяндама жасаған аталмыш аудан әкімінің орынбасары Ж.Қыдырғожиннің сөзіне қарағанда, мұнда қаржы талап етпейтін «100 нақты көмек» сынды акциялардың негізінде «Тегін такси», «Жұмадан жұмаға тегін шаш қию», түрлі мәдени-спорттық жарыстар оздырылады. Оған NEET санатындағы жастар тартылып жүр. Өткен жылы ауданда жұмыссыз ретінде тіркелген 69 жас қызметке алынса, биылғы бірінші тоқсанында 25 жас жұмысқа орналасты.

 Бұл кездесуге облыс орталығынан ат терлетіп келген түрлі сала мамандары ауыл жастарына «Дипломмен ауылға», «Жастар тәжірибесі», «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» және өзге де мемлекеттік және салалық бағдарламаларды түсіндірді. Мәселен,  БҚО ауыл шаруашылығы басқармасының бас маманы Ж.Қалешова ауыл азаматтарын жеке кәсіпкерлікке бағыттау бағытындағы мемлекеттік саясаттың қыр-сырына, жасалатын түрлі жеңілдіктерге тоқталды. БҚО білім басқармасының бас маманы А.Испенбетованың айтуынша, Жаңақалада ауылға қажетті мамандық бойынша жастарды қысқа және ұзақ мерзімді курстарда оқыту жайы ақсап тұр. БҚО дін мәселелерін зерттеу орталығының дінтанушы маманы А.Әбдірашит жастар арасындағы діни сауатсыздықтан болатын келеңсіз жәйттер туралы баяндап өтті.

Жиын соңында аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық басшысы Ж.Хайрелов кездесуде қозғалған мәселелер бойынша жұмыстанатындарын жеткізді.

Ернар ХАЙДАР,

Батыс Қазақстан облысы

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0