суббота, 20 апреля 2024 г.
icon
446.49
icon
475.38
icon
4.79
Алматы:
icon
22oC
Астана:
icon
23oC
1xadv
×

«Plogging - Табиғат Cross»: Батысқазақстандық жастар тазалық акциясын бастады

Дәл осындай атаумен батысқазақстандық жастар тазалық акциясын бастады. Нақтылап айтсақ, оған Шыңғырлау ауданының жастары ұйытқы болды, деп хабарлайды NewTimes.kz тіцлшісі.

«Ауданымызға жұмыс сапарымен облыс әкімі Алтай Көлгінов келетінін, әкімнің шыңғырлаулық жастармен кездесуі жоспарланғанын естіген соң, дайындала бастадық. Алтай Сейдірұлы шетелде оқыған, еліміздің, соның ішінде олысымыздың жаңаша дамуына үлесін қосып жүрген, әрі тың идеяларды әрқашан қолдайтын, салауатты өмір салтын ұстанатын жан ғой. Сол себепті «Plogging - Табиғат Cross» жобасын ұсынуды жөн көрдік. Бұл туралы біраз уақыттан бері білетінмін. Оны іске асырудың жөн-жосығы туралы ойланып жүргенмін. Сөйтіп көктен іздегенім, жерден табылды. 14 маусымда ауданымызда болған облыс басшысына бұл идеямды айтқанда, ол бірден қолдап, оны кеңінен насихаттау керектігін жеткізіп, жастар эстафетасына старт берді», — дейді Шыңғырлау аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының директоры Алмат Байболат.

Айта кетейік, Швеция елінен бастау алған плоггинг атты спорт түрі қазіргі таңда өте танымал. Яғни, плоггинг - жүгіріп жүріп, қоқыс жинау. Денсаулық пен тазалықты, табиғатты қорғауды мақсат қылған бұл спорт түрі Еуропаның көп мемлекеттерінде қолдау тапты.

Шыңғырлаулық жастардың бастамасын Ақжайық, Сырым аудандарының жастары қолдап, аудан-ауылда түрлі тазалық шараларын өткізді. Ал өткен сенбі күні Оралдағы «Жасыл ел» студенттік еңбек  жасақтары, жастар қоғамдық бірлестіктері, белсенді жастар бұл акцияға жұмыла үн қосты.

Шараның ашылу салтанатында сөз алған БҚО жастар саясаты басқармасының басшысы Аян Сақошев плоггингті жаңа фитнес-тренд деп атады. Яғни, жай ғана жүгірмей, айналаңды қоқыстан тазарту. 

Акцияға оралдық жастар өздерімен бірге қатты қалдықтар салатын қапшық ала шығып Орал қаласындағы Жеңіс алаңынан Хан тоғайына дейін баратын жолды қоқыстан тазалады. Акция барысын суретке және видеоға түсіріп, оны әлеуметтік желілерге #PloggingUralsk хэштегімен жүктеп, қала тұрғындарын табиғатты аялауға, қоршаған ортаны қорғауға шақырды. 

Ернар ХАЙДАР,

Батыс Қазақстан облысы

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0