пятница, 26 апреля 2024 г.
icon
444.22
icon
476.38
icon
4.82
Алматы:
icon
9oC
Астана:
icon
6oC
1xadv
×

БҚО-да жас технологтарға артылар сенім зор

«Жас келсе - іске» демекші, тәуелсіздік жылдары өмірге келген өрендер бүгінде қоғамнан өз орындарын тауып жатыр. Олардың ішінде өндірісте жүргендер де бар, деп хабарлайды NewTimes.kz тілшісі.

Оның бір дәлелін Орал қаласындағы «Береке» сүт комбинатынан да көруге болады. Екі жүздей адам еңбек ететін кәсіпорында  жастардың үлес салмағы жыл өткен сайын артып келеді. Комбинатта технолог қызметін мінсіз атқарып жүрген Гүлжан Жұмағожиева мен Айнұр Сәрсенғалиевалардың айтуынша, оларға бұл жердегі жұмыс өте ұнайды. Серіктестікте жас мамандары қолдау шаралары қарастырылған, табыстары жақсы. Өткен жылдары мұнда өндірістік машықтан өтуге келіп, өздерін жақсы қырынан танытқан кешегі студенттер осылайша ортаңқол мамандарына айналып келеді.

Сүт өңдеу кәсіпорнына жас мамандарды жұмысқа қабылдау, өндіріс үрдісіне тәрбиелеу жүмыстарын әрдайым назарында ұстайтын кәсіпорын басшысы, тәжірибелі өндірісші, ұлтжанды азамат Қымбатбек Айдаров бір жылдары ауыл-аймақты аралап, технолог мамандығына оқытуға ұл-қыздарды іздеп, таба алмапты. Содан мектепті өте жақсы бітірген өзінің екі қызын сүт өнімдері технологына Алматыдан оқытып алды. Қазір оның тұрмыс құрған қос қызы Гүлжан Нәсіпқалиева мен Гүлшат Қабдошевалар кәсіпорынның белді мамандары болып қалыптасты.

«Береке» ЖШС нарықтың талаптарына сай техникасын, технологиясын жаңарту жұмыстарын табысты жүргізуде. Жаңа технологиялардың енгізілуімен ондағы шығарылатын өнімдер түрлері молая түсті. Бүгінде аталмыш зауыт 30 шақты сүт өнімдерінің түрлерін өндіреді.

«Тұтынушы жергілікті сүт өнімдерінің қандай техника, технологиямен шығарылатынын білмеуі ықтимал, бірақ заманауи технологиямен өндірілген жергілікті өнімдерді көргісі келетіні заңды. Әрине, бұл жағынан әзірге мақтана алмаймыз. Өйткені күні кешеге дейін біз өндірісші ретінде  табиғи өнімдерімізді, соның технологиясын, сапасын сақтап, жоғалтпау бағытын ұстандық. Міне, сол мақсатымызды орындадық. Түсіне білген адамға, бұл – біздің қол жеткізген тұрақты деңгейіміз. «Берекенің» өнімдері бұрынғысынша адам ағзасына пайдалы қасиеттерін сақтап қалды. Бірақ бәсекенің аты бәсеке. Кәсіпорнымыздағы білімді де білікті жас мамандарымыздың, олар тілін білетін жаңа технологияның көбеюі біздің жолда қалмай, бәсекеге төтеп беріп, көрші өңірлердің нарығына өнімдерімізді молынан шығаруға өз септігін тигізеді», — дейді Қымбатбек Айдаров.

Ернар ХАЙДАР,

Батыс Қазақстан облысы

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0