среда, 17 апреля 2024 г.
icon
448.56
icon
478.03
icon
4.79
Алматы:
icon
10oC
Астана:
icon
12oC
1xadv
×

Жастардың тікелей ақпарат алуына жағдай жасалуда

Оралда шілде айында «Uralsk Job Fair - 2018» кең көлемді жастар жәрмеңкесі ұйымдастырылатын болады. Бұл туралы бейсенбі күні Орал қаласындағы «Мирлан» орталық базары аумағында жастарға тегін кеңестер беру, бос жұмыс орындарын ұсыну мақсатында «Жастарға – Кеңес!» және «Жастарға – Жұмыс!» деп аталатын шара кезінде айтылды, деп хабарлайды NewTimes.kz тілшісі.

БҚО жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы мұндай шараны тұрақты түрде өткізіп келе жатыр. Нақтылап айтсақ, жыл басынан бері кең ауқымды екі үлкен жәрмеңке болды, ал ЖОО-ларда, кәсіпорындарда шағын жәрмеңкелер ұйымдастырылды. Нәтижесінде 70-ке жуық жігіт пен қыздар тұрақты жұмысқа тұрды.

«Дәл қазір мұндай жәрмеңкелер қажет деп ойлаймын. Өйткені студенттер арнаулы орта және жоғары оқу оырндарын бітіріп жатыр. Жазда кейбір жастар жұмыс іздейді. Сол себепті біз кабинеттерде қамалып отырмай, көпшілік көп жүретін жерлерге шығып, жастардың тікелей келіп ақпарат алуына жағдай жасап отырмыз. Жастарға өздеріне мемлекет тарапынан қандай қолдаулар барын айтамыз. Студенттер өздері үшін қандай қолайлы жұмыстар ұсынылатынын біліп, тұрақты жұмыстар жөнінде де мәлімет ала алады. Мұндай шаралар аудандарда да өтуде. Облыстағы студенттердің құрылыс жасақтарында бүгінде 50  студент жұмыс жасап жатса,  «Жасыл ел» еңбек жасағына жыл бойына 1175 жас қабылданатын болады», — дейді БҚО жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы Мержан Әбілқас.

Аталмыш шарада БҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, дін мәселелерін зерттеу орталығы, «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қорының БҚО филиалы, «Қазақстан тұрғын үй жинақ банкі» АҚ БҚО филиалы өкілдері кеңес берсе, он шақты  жеке кәсіпорын жұмыс ұсынды.

Ернар ХАЙДАР,

Орал қаласы

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0