суббота, 20 апреля 2024 г.
icon
446.49
icon
475.38
icon
4.79
Алматы:
icon
22oC
Астана:
icon
23oC
1xadv
×

Оралда ұлттық ұлан қатары толықты

ҚР Ұлттық ұланының «Батыс» аймақтық қолбасшылығының Орал қаласында орналасқан №5517 әскери бөлімі жас жауынгерлермен толықты, деп хабарлайды NewTimes.kz тілшісі.

Еліміздің оңтүстік, солтүстік, орталық өңірлерінен  келген 170-ке жуық жігітті қарсы алу үшін Орал темір жол бекетінде оларды салтанатты шара ұйымдастырылды.

Әскери бөлімге келгеннен соң олармен әскери бөлім басшылығы кездесті. Жиынды ашқан полк командирі, подполковник Мақсат Бөлтіріков Отан қорғау әрбір ер азаматтың парызы екенін айтып, Қарулы күштерді дамыту бағытында мемлекетімізде қолға алынып жатқан іс-шараларға, әскери қызметтің ерекшелігіне, әскери бөлімнің алдында тұрған міндеттерге тоқталды. Ал сала ардагерлері әскери бөлімнің тарихынан сыр шертіп, игі дәстүрлер турасында әңгіме өрбітті. Өз кезегінде сөз алған жас жауынгерлер әскерге өз еріктерімен келгендерін жеткізді. Көпшілігі Ұлттық ұланда азаматтық борышын өтеуді армандаған екен. Сол армандарының орындалғандарына қуанышты. Көпшілігінің арнайы орта білімдері бар.

«Әскерде әкем де, ағамда да болды. Ендігі кезек менікі. Әр бір жігіт бұл өмір мектебінен өтуі керек. Мұнда біз Отанымызды қорғау үшін қажет нәрсенің бәріне де үйренеміз деп ойлаймын», — дейді Көкшетаудан келген Нұрсұлтан Жақасов.

Астаналық Дильшат Раимов өткен жылы бағдарламашы мамандығы бойынша колледж бітірген. Түрлі себептермен былтыр әскерге бара алмай қалғанына өкінген. Биыл әскерге шақырту қағазын алғанда төбесі көкке екі елі жетпей қалды. Ата-анасының, туыстарының, ұстаздарның сенімін ақтауға тырысады.

«Сыр өңірінің тумасы жиырма жасар Михаил Березин де әскери қызметке дайын. Ұлттық гвардияда конситуциялық міндетін өтеуді іштей қалған жүрген. «Бос уақытта спортпен айналысқанды ұнатамын, — дейді ол. —Спорттық разрядтарым да жоқ емес. №5517 әскери бөлімінде арнаулы жасақ барын білемін. Сол жасақтың сапына қабылдануға ұмтыламын. Жалпы өзім алдағы өмірімді әскери қызметпен байланыстырғым келеді».

Енді бір ай бойы олар жас жауынгер курсынан өтіп, әскери қызметтің негіздерін, ҚР Қарулы күштерінің жалпы әскери жарғысының талаптары мен нормаларын үйренетін болады. Курс әскери ант қабылдаумен аяқталады. Міне, содан кейін олар толыққанды сарбаз атанады.

Ернар ХАЙДАР,

Батыс Қазақстан облысы

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0