суббота, 20 апреля 2024 г.
icon
446.49
icon
475.38
icon
4.79
Алматы:
icon
22oC
Астана:
icon
23oC
1xadv
×

Қырымбек Көшербаев: ҰБТ-ның орташа баллы бойынша біздің облысымыз қазір үздік 5 аймақтың қатарында

Қызылорда облысының әкімдігі Еуразия экономикалық одағы Парламентаралық Ассамбеясының жанындағы университетпен әріптестік туралы меморандумға қол қойды.

Меморандум аясында Еуразия экономикалық одағының (ЕуразЭО) Парламентаралық Ассамблеясы жанындағы университет қызылордалық мектеп бітірушілерге жыл сайын білім гранттарын бөлетін болады. 

Астана қаласында Қызылорда облысының әкімдігі мен ЕуразЭО Парламентаралық Ассамблеясы жанындағы университет арасында әріптестік туралы меморандумға қол қою рәсімі өтті.

Кездесу аясында Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев аймақта жоғары сұранысқа ие мамандықтар бойынша студенттерді оқытып, жұмыспен қамту бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтты. 

«Ұлттық бірыңғай тестілеудің орташа баллы бойынша біздің облысымыз қазір үздік 5 аймақтың қатарында, ал 5 жыл бұрын соңғы 16-шы орында болатын. Ресейдің жетекші техникалық университеттерімен тығыз байланыс орнатудың арқасында бүгінгі күні 452 мектеп бітірушіміз Мәскеу және Санкт-Петербург қалаларда  үзік жоғары оқу орындарында білім алуда. Биыл студенттердің алғашқы легі диплом алады, олардың жұмысқа орналасу мәселесін біз алдын-ала пысықтап жатырмыз», — деді аймақ басшысы.

Өз кезегінде, Университет ректоры Ирлан Искаков ЕуразЭО Парламентаралық Ассамблеясы жанындағы университет 20 жылдан астам уақыт жұмыс істейтінін және 1997 жылы құрылғанын айтты.

«Қызылорда облысы алғашқылардың бірі болып кадрларды дайындау саласында әріптестік орнату бойынша ұсынысымызға келіскеніне өте қуаныштымыз. Қазіргі таңда мамандарды даярлау мәселесінде жеке көзқарас тиімді. Биыл университетімізде қосылған жаңа бағытарының бірі – бизнес-информатика. Бұл мамандық аясында студенттер цифрлық экономика дамыған заманда өзекті салалалырының бірі – блокчейн мен криптовалюталарды зерттейтін болады», — деді Ирлан Искаков.

Сонымен қатар, Университет өкілдері қызылордалық мұғалімдер мен ғылыми қызметкерлерді Нобель сыйлығының лауреаты Жорес Иванович Алферов басқаратын Еуразиялық ғылыми форумға қатысуға шақырды. Форум жыл сайын күзде ТМД елдерінің қатысуымен өтеді.

Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев пен ЕуразЭО Парламентаралық Ассамблеясы жанындағы университетінің ректоры Ирлан Искаков әріптестік туралы меморандумға қол қойды. Меморандум аясында тараптар бірлескен іс-шаралар мен жобаларды қолға алып, университет оқуға түсу сынақтарынан сәтті өткен қызылордалық түлектерге жыл сайын 10 грант бөлетін болады.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0

В статье: