вторник, 16 апреля 2024 г.
icon
448.56
icon
478.03
icon
4.79
Алматы:
icon
12oC
Астана:
icon
14oC
1xadv
×

Шымкентте кәсіпкердің демеушілігімен жаңа аквапарк ашылды

Бүгін Шымкент қаласында көптен күткен «Fontan» аквапаркі ашылды. Орта Азияда теңдесі жоқ кешенді жергілікті кәсіпкер Шыңғыс Әбдиев өз қаражатына салып, шаһар тұрғындарына сыйлап отыр. Ал, салтанатты ашылу жиынына Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев қатысып, Шымқала қонақтары мен тұрғындарын осынау қуанышымен құттықтады.

«Міне, баршамыз қуанышты оқиғаның куәсі болып отырмыз. Жаңадан ашылып отырған заманауи аквапарк барлық талапқа сай етіп жасалған. Бүгінде қаламызда халықтың тынығып, демалуына арналған орындар көбейіп келеді. Мәселен, жуырда ғана қаланы қақа жарып ағатын Қошқар ата өзенінің бойын абаттандырылып, суға шомылуға арналған орындар пайда болды. Мұндай жұмыстар әлі де жасғасын табатын болады», – деді Жансейіт Қансейітұлы.

Аквапарк 2 гектар аумақты алып жатыр. Онда биіктен сырғанайтын 8 төбешік орналасқан. Оның 2-еуі биіктігі 22 метрді құрайтын еліміздегі ең биік төбешік болса, ТМД елдері арасында ең ұзын төбешік те осында бой көтерген. Айта кетейік, «FONTAN» аквапаркі Орта Азиядағы ересектер мен балаларға арналған ең үлкен су қалашығы. Мұнда жасанды толқын және бассейін суын жылытуға арналған құрылғылар орнатылған.

Кәсіпкер Шыңғыс Әбдиев осылайша бір оқпен екі қоянды атып отыр. Яғни, алдымен шымкенттіктерге теңдесі жоқ аквапарк салып берсе, екінші жағынан 200-ге жуық адамды тұрақты жұмыспен қамтыды. Олардың қызметі жаз маусымында қызары белгілі. Күніне мұнда 2 мыңнан астам қонақ келіп демалады деп күтілуде.

Айта кетейцік, бүгінгі салтанатты шара барысында балаларға арналған ойын-сауық бағдарламсыа мен ұтыс ойындары ұйымдастырылды. Кеш соңы Қазақстанның эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерттік бағдарламаға ұласты.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0