среда, 24 апреля 2024 г.
icon
445.66
icon
474.58
icon
4.78
Алматы:
icon
15oC
Астана:
icon
9oC
1xadv
×

Шымкенттік кәсіпкер қала тұрғындарына екі бірдей балабақша салып берді

Шымкенттегі әлеуметтік нысандардың қатары тағы артты. Бұл жолы «Туған жер» бағдарламасы аясында елге танымал кәсіпкер мегаполис тұрғындарына қос бірдей балабаұша салып берді.

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру тапсырылған болатын. Оның аясында елге танымал азаматтар өздері туып-өскен ауыл-аймаққа игілікті іс жасауы тиіс. Мәселен, бірі тал ексе, өзгелері аталған бағдарлама аясында жол жөндеп, мектептерді қажетті жиһаздармен жабдықтауда. Бүгін Шымкентте ашылған қос балабақша сол игі істердің бір парасы ғана.

№17 «Достық» және №37 «Әйгерім» бөбекжай-балабақшаларының ашылуы қаладағы бірқатар проблеманы шешуге септігін тигізіп отыр. Арнаулы коррекциялық қос бөбекжай-балабақша жалпы 110 орынға лайықталған. Қос ғимарат кәсіпкер меценат, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы, облыстық мәслихат депутаты, «ОТАУ груп» компаниясының президенті Қайрат Молдасейітов демеушілігімен салынған. Жобаның жалпы құны 280 млн. теңгені құрайды. 

Жаңа орталықтың ашылу салтанатында алғашқы болып сөз алған облыс әкімі Жансейіт Түймебаев балғындарға арналған арнаулы бөбекжай-балабақшалардың ашылуымен қала тұрғындарын тұрғындарын құттықтады.

«Бүгін ел игілігі үшін салынған әлеуметтік нысандардың біріне куә болып отырмыз. Бұл 60 және 50 орындық екі балабақша бүгіннен бастап ел игілігі үшін пайдалануға тапсырылады. Оның бірі «Айгерім» бөбекжай-балабақшасы - психикалық дамуы шектеулі балаларға арналады. Екіншісі «Достық» бөбекжай-балабақшасы - тірек-қимыл функциялары бұзылған балаларға арнап салынды. Осы бір тағдырдың салғанына еріксіз мойынсынған жас жеткіншектеріміз үшін қол ұшын созып, көмек берген  Қайрат Құсейінұлына алғысымыз шексіз. Осындай қолдау көрсетіп, демеушілік жасап жүрген кәсіпкерлердің еңбектері өзгелерге үлгі боларлық шынайы патриотизмнің көріністері деп білемін», - деді Жансейіт Түймебаев.

Оңтүстікке «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында кәсіпкерлер демеушілігімен көптеген әлеуметтік нысандар салынып, ел игілігіне берілуде.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0