пятница, 30 сентября, 2022
icon
476.89
icon
462.2
icon
8.31
Алматы:
icon
11oC
Астана:
icon
2oC
Подпишитесь на нас:
Фридом Финанс
Биржа kase признала АО «Фридом Финанс» победителем в 6 номинациях по итогам 2021 года
ffin.kz
KazTimes Редактор
4 июля, 2018, 12:04

Қызылордада патриоттар форумы өтті

Астана күніне орай Тұңғыш Президент саябағында облыстық патриоттар форумы өтті. Жыл бойы аймағымыздың дамуы мен ел игілігі үшін ерінбей еңбек етіп, ерен ерлік көрсетіп, жетістіктерімен үлес қосып келе жатқан қызылордалықтар марапатқа ие болды.

Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев форумға қатысушыларды алдағы Астана күнімен құттықтады.

«Қазақ тарихында ормандай халқына қорған болсам, алға жетелеп, арманына жеткізсем, тәуелсіз ел қылып, биікке көтерсем деген тұлғалар аз болмаған. Қасымханның қасқа жолы, Есімханның ескі жолы, әз-Тәукенің Жеті жарғысы содан қалған. Абылайханның арпалысы, Әбілқайырханның жанталасы қазақты қалай да қазақ қылсам деген арманнан туған. Ал, сол бабалардың арманын асқақ, мақсатын мұрат еткен бүгінгі Көшбасшысымыз – Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев болды. Біз енді Елбасымызды сасқанға Сая десек те, асқанға Тосқан десек те, ұлтқа Ұран, ұрпаққа Ұстаз десек те, елдің Иесі, жердің Киесі деп қанша айтсақ та артық болмайды!? Өйткені, бүгінгі Қазақстан – болашағы бекем, келешегі кемел ел!» — деп облыс әкімі ерекше ықыласпен сөз бастады.

Мерейлі мерекелерінің тоғысында өткен облыстық патриоттар форумында аймақ басшысы әр саладағы белсенді, өз ісінің кәсіби шеберлері - 10 қызылордалықты марапаттап, сыйлықтар табыстады.

Марапатқа ие болғандардың қатарында Ішкі істер департаментінің жылдам қимылдайтын арнайы жасағының инспекторы Бауыржан Нұржанов бар. Бауыржан 2017 жылы қазан айында қаламыздағы көпқабатты үйлердің бірінде орын алған өрт кезінде алдымен өрт сөндіру қызметіне хабар беріп, өзі жалындаған өрттің ішіндегі 5 және 6 жастағы балаларды құтқарып алып шыққан.

№2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі Ермекбек Пазлиев те қала тұрғынын өрттен құтқарса, Қазалы ауданындағы №266 мектептің дене шынықтыру пәні мұғалімі Мейрамбек Жакупов - аудан орталығындағы Әйтеке би кентінің 76 жастағы тұрғынын қауіптерге қарамастан, құтқарып алып шыққан нағыз ер жүрек азамат.

Аружан Бисенбаеваның үйлерінде өрт шыққан сәтте жанында сіңілісі және екі інісі болған, 11 жаста болғанына қарамастан Аружан бауырларын терезе арқылы сыртқа шығарып, өмірлерін сақтап қалған.

Ерлігі көпке үлгі болатын қаламыздың тағы бір тұрғыны - «Жылы жүрек жастар» еріктілер тобының жетекшісі Сағатбек Сиюов. Бірнеше жыл бұрын көлік апатына ұшырағаннан бері Сағатбек мүгедектер арбасымен жүруге мәжбүр. Десек те бұл жағдайға қарамастан, қайырымдылық шараларға белсене қатысады, отырып билеумен айналысып, «Фристайл» санатында Қазақстан Республикасы чемпионы атанған.

«Ерлік» үйлестіру кеңесінің және «Ауғанстан соғысы ардагерлері ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қайраддин Баймаханов көп жылдар бойы жас ұрпақты патриоттыққа тәрбиелеу бойынша белсенді жұмыс жүргізіп келеді. Ауған соғысы ардагерлерімен кездесулер өткізіп, бірнеше әскери-патриоттық жобалар жасаған.

София Аужарова – 25 жыл еңбек өтілі бар дәрігер, облыстық жедел жәрдем станциясының бөлім меңгерушісі. 19 жыл алғашқы медициналық қызмет көрсету бригадасында қызмет атқарған София Тұрсынбайқызы клиникалық өлім жағдайындағы, ауыр кома үстіндегі, жол жарақаттары, суық қарумен өлім жағдайларында ажалмен арпалысып жатқан науқастарды аман алып қалған батыл дәрігер.

Сондай-ақ туған өлкеміздің патриоттарының қатарында каратэ киокушинкайдан Әлем және Азия чемпионы Айбек Шаукилов, шахматтан әлем чемпионы, ФИДЕ шебері Назерке Нұрғали, ондаған чемпион мен халықаралық додалардың жеңімпаздарын тәрбиелеген дзюдо жаттықтырушысы Жанарбек Сансызбаевты атап өтуге болады. Орынбасар Төлепов пен Кенжебек Ильясов сынды кәсіпкерлер бизнеспен айналысып қана қоймай, ауылдастарын жұмыспен қамтып, тұрмысы төмен отбасыларға көмектесіп келеді.

Мерекелік іс-шара концерттік бағдарламамен өз жалғасын тапты.

Что думаете об этом?
Написать комментарий
Последние новости
14:44
Застрявшая на границе казахстанка: «Российские полицейские берут 300 тыс за сопровождение» Застрявшая на границе казахстанка: «Российские полицейские берут 300 тыс за сопровождение»
14:30
Хозяйку гостиницы убили в Кызылординской области Хозяйку гостиницы убили в Кызылординской области
14:16
Казахстанцам обещают потепление в выходные Казахстанцам обещают потепление в выходные
14:00
20 000 тенге теперь будет с новым дизайном 20 000 тенге теперь будет с новым дизайном
13:00
В российском городе Кызыл полицейские задерживают вышедших на митинг женщин В российском городе Кызыл полицейские задерживают вышедших на митинг женщин
12:47
Самому пожилому казахстанцу исполнился 121 год Самому пожилому казахстанцу исполнился 121 год
12:33
«Многие об этом мечтали»: Астанчанин «повалил» столбы LRT «Многие об этом мечтали»: Астанчанин «повалил» столбы LRT
12:19
Железную дорогу в Китай намерены проложить из новой области в Казахстане Железную дорогу в Китай намерены проложить из новой области в Казахстане
12:05
Эрдоган внимательно наблюдает за событиями в Казахстане Эрдоган внимательно наблюдает за событиями в Казахстане
11:52
Токаев: «Решение об образовании Абайской области не было случайным» Токаев: «Решение об образовании Абайской области не было случайным»
11:38
Российский политик обеспокоился положением русских в Казахстане Российский политик обеспокоился положением русских в Казахстане
11:24
«Своих поэтов не знаем»: Грубые ошибки на остановках возмутили павлодарцев «Своих поэтов не знаем»: Грубые ошибки на остановках возмутили павлодарцев
11:10
Работодатели стали просить казахстанцев уволиться по собственному желанию Работодатели стали просить казахстанцев уволиться по собственному желанию
10:56
Лучший друг бывшего мужа изнасиловал павлодарку Лучший друг бывшего мужа изнасиловал павлодарку
10:42
Вопросы развития банковской сферы обсудили председатели центральных банков стран ЕАЭС Вопросы развития банковской сферы обсудили председатели центральных банков стран ЕАЭС
Смотреть все
Читайте также: Смотреть все
Эксклюзив
Интервью и мнения