суббота, 27 апреля 2024 г.
icon
444.22
icon
476.38
icon
4.82
Алматы:
icon
4oC
Астана:
icon
3oC
1xadv
×

Шымкенттің тұрғын үй нарығына «Highvill» компаниясы кіруде

Шымкентте бой көтеріп жатқан «Shymkent City» қалашығында әйгілі «Highvill» құрылыс компаниясы үйлерін тұрғызатын болды. Бұл өз кезегінде жергілікті кәсіпкерлер мен жұмысшыларға үлкен мүмкіндік туғызады дейді қала басшылары.

Осылайша бүгін Шымкент әкімдігі, «Highvill» құрылыс компаниясы және «Шымкент» ӘКК осындай үш жақты меморандумға қол қойды. Енді жергілікті билік құрылыс компаниясына жерді заңдастырып берсе, корей компаниясы құрылысты бастауға дайын.

Жергілікті кәсіпкерлер мен жұмысшыларға жақсы мүмкіндік дейтініміз, құрылыс жұмыстарына негізінен қазақстандықтар тартылатын болады. Құрылысқа қажетті кейбір материалдар да да жергілікті өндірушілерден сатып алынбақ.

Жалпы, кореялық компанияға «Shymkent City» аумағынан құрылысқа 51,5 гектар учаске бөлініп отыр. Бұл жерде тек әлеуметтік емес, бизнес-кластағы тұрғын үйлер де салынады деп күтілуде.
«Highvill»-Kazakhstan» компаниясының бас директоры Канг Джон-Дэ «Шымкент – Қазақстанның үшінші мегаполисі ретінде компанияға озық тәжірибені енгізуге мүмкіндік беретін алаң ретінде қызықты болып отыр» деп атап өтті:

- Біз әкімдікке Шымкентте үй салуға мүмкіндік бергеніне алғысымызды білдіреміз. Біздің компания құрылыс саласында 2004 жылдан бері жұмыс істеп келеді және осы жылдар бойы жинақталған тәжірибені Шымкентте салынатын үйлерде жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз, - дейді Канг Джон-Дэ.

Сондай-ақ, «Шымкент» ӘКК директоры Айтмұхамбет Алдажаров көптен күткен келісімге қол жетіп отырғанын, сапалы тұрғын үй кешендерін салудағы «Highvill» компаниясының жаңа ізденістерін оң бағалайтынын жеткізді.

Айта кетейік, «Highvill» компаниясы – Кореяның тұрғын үй салудағы танымал компаниясы. Ал «Шымкент-сити» - қаланың солтүстік аймағында орналасқан, 12 орамнан тұратын қалашық. Онда шағын және орта кәсіпкерлік нысандары, сауда орталықтары, емхана, ойын-сауық орталығы, гүлзар мен демалыс аймағы болады деп күтілуде.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0