пятница, 26 апреля 2024 г.
icon
444.22
icon
476.38
icon
4.82
Алматы:
icon
8oC
Астана:
icon
13oC
1xadv
×

Шымкенттегі педагогикалық университетінің базасында алты IT-сынып ашылды

Кеше Шымкент қаласында орналасқан Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік педагогикалық университетінің базасында 6 IT-сынып ашылды. Бұл «Балаларға арналған ІТ сыныптар» партиялық жобасы аясында жүзеге асырылып отыр. Бұл сыныптар заманауи 74 моноблокпен, жоғары жылдамдықтағы интернетпен, қажетті веб-бағдарлама мен 1 - 3D принтермен, 2 - мультимедиялық подиуммен және қажетті жиһаздармен жабдықталған.

IT-сыныптың ашылуына қатысқан облыс әкімі Жансейіт Түймебаев сыныптың әлеуетіне назар аударды. Сонымен қатар, әкім «Нұр Отан» партиясының  жобасы қалада, ауылдарда тұратын балаларды IТ-білімге баулу үшін жүргізіліп жатқанын айтып, жаңғырудың жаңа кезеңіне аяқ басқан жоба тың бастама екенін жеткізді.

«Нұр Отан» партиясының бастамашыл жобаларын Оңтүстік Қазақстанда жүзеге асыру мақсатында арнайы желілік кесте дайындалып, ол облыс әкімі, облыстық партия филиалының төрағасы Ж.Түймебаевпен бекітілген болатын. Бекітілген желілік кестеге сәйкес облыста 2020 жылға дейін 106  ІТ-сынып ашылып, оларды 100 пайыз материалдық техникалық базамен жабдықтау жоспарланған. Ал осы жылы оның 26-сы іске асырылмақ.

Жобаны жүзеге асыру барысында 2018 жылы – 4 500 бала, 2019 жылы – 9000 бала, 2020 жылы – 9000 бала ІТ саласы бойынша білімдерін жетілдіретін болады. Бұдан бөлек, өңірде «ІТ мамандарын дайындау» партиялық жобасын жүзеге асыру бойынша жыл аяғына дейін 2 – ІТ орталық ашу көзделуде.

Қазіргі таңда аталған жоба шеңберінде IT-орталық М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің базасында ашылды. Орталық заманауи 16 компьютермен, жоғары жылдамдықтағы интернетпен және қажетті веб-бағдарламалармен жабдықталған.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0