вторник, 16 апреля 2024 г.
icon
448.56
icon
478.03
icon
4.79
Алматы:
icon
11oC
Астана:
icon
15oC
1xadv
×

Қызылорда облысының күрес түрлері федерациясының жиналысы өтті

Облыстық күрес түрлері федерациясының төрағасы Қайржан Есен бастаған жиналыста бапкерлер осы спорт түріне қатысты мәселелерді талқылады. Күрес түрлері федерациясы төрағасының спорт бойынша орынбасары Ермек Көкетов соңғы үш жылдың жұмыстарын қорытындылады.

2017 жылы облыстық дене шынықтыру мен спорт басқармасы мен күрес түрлері федерациясының бірлесе жасалынған меморандум бойынша жоғары нәтиже көрсеткен  15 спортшыға арнайы стипендия тағайындалды. Биылғы жылы облыстық федерация тарапынан Қызылорда қаласы менбарлық аудандардың күрес мектептері спорттық құрал-жабдықтар және спорттық киімдермен қамтамасыз етілді. Республикалық күрес федерациясының  президенті Сауат Мыңбаев пен Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Тимур Кулибаевтың бастамасымен республиканың әр өңірінде күресті дамыту мақсатында кілемдер сыйға берілген болатын. Соның бесеуі  Қазалы, Арал, Қармақшы аудандарына және Байқоңыр қаласына берілді.

Федерация президенті өз кезегінде жарыстарды көптеп өткізу арқылы жасөспірімдерді күрес түрлеріне тарту, әсіресеауылдық жерлерде жеткіншектерді спортқа баулу туралы айтып өтті. Сонымен қатар, бапкерлер облыста күрес түрлерінің өркендеуі бойынша өз ойларын ортаға салып, ұсыныстарымен  бөлісті.

Сондай-ақ, жиналыс барысында федерация тарапынан Есен Қайржан арнайы Жаңақорған ауданына бір дана кілем жиынтығы сертификатын еркін күрестен облыстың аға жаттықтырушысы Әбутәліп Амановқа табыстады.              

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0