среда, 8 мая 2024 г.
icon
439.43
icon
473.31
icon
4.82
Алматы:
icon
17oC
Астана:
icon
7oC
1xadv
×

Бақытты қоғам құрудағы жастардың үлесі

Биылғы жылдың өткен алты айында Ақ Жайық өңіріндегі жастар ресурстық орталықтарына 701 жас жұмыс сұрап келіп, оның 40%-ы жұмыспен қамтылды. 

 Жалпы осы мерзім ішінде 1815 жас аталмыш орталықтарға кеңеске жүгінген екен. Оның көпшілігі жоғарыда айтқанымыздай жұмыссыздық мәселесі төңірегінде болса, 195-і заңгерлік, 167-і психологиялық, 335-і теологиялық, ал қалған 398-і жеке және өзге де сұрақтар бойынша келген.

Бұл туралы облыстық жастар ресурстық орталығының басшысы Мержан Әбілқас мәлімдеді. Оның сөзіне қарағанда, орталықпен былтыр бекітілген «Жас маман», «Болашағың өз қолыңда» сынды жобалар жастар арасындағы жұмыссыздықтың төмендеуіне айтарлықтай көмек болған. Орал қаласында былтыр ашылған «Бастау» коворкинг орталығы да жастардың жұмыссыз қалуын, NEET  санатына енуін алдын алу бағытында жұмыстануда. Нәтижесі де жоқ емес.

«Біз ұйымдастыратын шаралардың әрбірінің бағыты мен діттеген мақсаты әртүрлі. Солардың бірі – қайырымдылық. Жанарында оты, жүрегінде шуағы бар батысқазақстандық жігіттер мен қыздар көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын беруден қалыс қалып жатқан жоқ. ҰОС ардагерлеріне, егде, жалғызбасты жандарға, ата-анасының қамқорынсыз қалған балалар мен жасөспірімдер мен балалар үйлерінің тәрбиеленушілеріне, аз қамтылған жас отбасылар мен NEET   санатындағы жастарға жәрдем беру біз тұрақты түрде жұмыстанып жүрген іс-шарамыздың бірі десек артық айтқандық емес. Қайырымдылық барысында мерекелік іс-шаралар, тегін оқу курстары мен қолөнер, домбыра, тігін үйірмелері, шаш қию ұйымдастырылады. Киім-кешек пен азық-түлік таратылып, баспана мен аулалар тазартылып, абаттандырылады, жөндеуді қажет ететін үйлерді жөндеуге  көмек көрсетіледі. Бұған көпшілік ризашылығын білдіріп, өздерінің баталарын береді. Ал біле білгенге «алғыс алтыннан да қымбат».  Әлемде «екінші ұстаз» атанған әл-Фарабидің «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы» атты еңбегінде мақсаттары ортақ қауым ғана бақытты өмір сүретіндігі айтылады. Сол қайырымдылық пен бірлікті ту еткен біздің қоғамымыз бақытты болуына жастардың қосып жүрген үлесі зор», — дейді Мержан Әбілқас.

Ернар ХАЙДАР,

Батыс Қазақстан облысы

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0