среда, 24 апреля 2024 г.
icon
444.32
icon
473.33
icon
4.76
Алматы:
icon
18oC
Астана:
icon
6oC
1xadv
×

«Jas.Qz» жобасының ауыл жастарына берері көп

Елімізде «Jas.Qz» жалпыұлттық жастар жобасын іске қосуды жоспарланып отыр. Негізгі мақсаты жастардың рухани, әлеуметтік, зияткерлік, физикалық тұрғыда және жеке дамуына жағдай жасау болып табылатын бұл жоба қыркүйек айында Батыс Қазақстан облысында пилоттық негізде іске аспақшы.

Бұл жайында 3 шілдеде БҚО Өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған брифингте айтылды. ҚР Қоғамдық даму министрлігі қолдауымен жүзеге асатын «Jas.Qz» жалпыұлттық жастар жобаның үйлестірушісі – «Жасұлан» бірыңғай балалар және жасөспірімдер ұйымы.

Аталмыш ұйым төрайымы Динара Сәдуақасованың айтуынша,

жаңа оқу жылы басталғанда облыстағы мектептердің 8-10 сынып оқушылары (14-17 жас) жоба бойынша бес бағытты таңдайды. Интеллектуалдық, әлеуметтік қызмет және еріктілік, әскери-патриоттық, шығармашылық және спорттық бағыттар бойынша педагогтардан не пән мұғалімдерінен жетекші тағайындалып, екі ай бойына оқушының қабілетін дамытуға көңіл бөлінеді. Қазан айының соңында жобаға қатысушылардың тест пен нормативтік көрсеткіш нәтижелері жергілікті жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтарға жолданады. Жақсы нәтижеге ие болғандар І, ІІ, III дәрежелі төсбелгілермен марапатталады. Жоба үздіктері жайындағы мәліметтер жастардың кадрлық резерві жөніндегі дерекқорға енеді. «Jas.Qz» жобасының пилоттық кезеңі өңірде сәтті жүзеге асса, 2019 жылы жоба ауқымы республикамыздағы бес облысты қамтитын болады.

«Қазіргі кезде жоба белсенділері үшін еліміздегі жоғары оқу орындарына түсер кезде оларға арнайы жеңілдіктер қарастыру жайы ҚР Білім және ғылым министрлігі өкілдерімен талқылануда. Бірақ біз өз тарапымыздан үздік оқушыларға халықаралық бизнес университетіне оқуға грант тағайындай аламыз. Биыл бөлінген бес гранттың екеуін Батыс Қазақстан облысы түлектеріне беруге шешім қабылдадық», — деді Динара Тайбасарқызы.

БҚО жастар саясаты басқармасының басшысы Аян Сақошевтің сөзіне қарағанда, бұл жобаның әсіресе ауыл жастарына берері көп. Сол себепті жергілікті атқарушы билік құрылымдары, мектептер оған жете мән бергендері жөн.

Облыстық білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова қазіргі уақытта аталмыш жобаға дайындық басталып кеткенін жеткізді. Қыркүйек айына дейін оқушыларға жетекшілік жасайтын мамандарды даярлау қолға алынады.

Жобаны бірлесе іске асыру мақсатында жиын соңында облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарманың басшысы Аян Сақошев, облыстық білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова және «Жасұлан» бірыңғай балалар және жасөспірімдер ұйымы» РҚБ-ның төрайымы Динара Сәдуақасова меморандумға қол қойды.

Ернар ХАЙДАР,

Батыс Қазақстан облысы

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0