пятница, 29 марта 2024 г.
icon
448.15
icon
483.46
icon
4.86
Алматы:
icon
10oC
Астана:
icon
5oC
1xadv
×

Ғ.Әбдірахымов: «Шымкентті туризм, сауда, ойын-сауық пен тынығу орталығы ретінде дамытуды көздейміз»

Бүгін Астанадағы Жібек жолы елдері қала мэрларының форумына қатысқан Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов үшінші мегаполистің дамуына қатысты жоспарларымен бөлісті. Еске салайық, биыл Шымкент қаласы халқының саны 1 миллион адамнан асқандықтан Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен шаһарға үшінші мегаполис мәртебесі берілген болатын.

«Шымкент қаласының бюджеті 1 млрд доллардан асады. Бірақ республикалық мәртебе алғаннан кейін алдағы уақытта аталған сома екі есеге өседі деп отырмыз. Ал аймақтың жалпы ішкі өнімдегі үлесі шамамен 6 млрд долларды құрайды. Жартысы сауда-саттыққа тиесілі. Одан кейін өндіріс пен құрылыс келеді. Біз өз қаламызды туризм, сауда, ойын-сауық пен тынығу орталығы ретінде дамытуды көздейміз. Сондықтан кәсіби мамандарды Шыкенттің тұжырымдамасы мен стратегиясын әзірлеуге шақырамыз», - деді Ғ.Әбдірахымов.

Қала басшысының айтуынша, Шымкент қаласындағы батыл жоспарлардың бірі – «Shymken-tcity» жобасы. Аталған жоба 400 гектар жерде орналасады. Бүгінде барлық коммуникациялар тартылып, жолдар салынды. Орталық саябақтың құрылысы басталды. Оның айналасында тұрғын үйлер мен бизнес орталықтар орналасады.

«Астанада «Хайвил» компаниясының тұрғын үйлері бар. Дәл осы компания бізге келіп, баспана салмақшы. Біз оларға 50 гектар жер бөліп бердік. Биыл құрылыс жұмыстарын бастамаймыз деп отыр. Басқада ірі компаниялар Шымкентте өз кеңселерін ашуға кірісті. Сосын жақын арада гольф пен поло алаңдарын салуды жоспарлап отырмыз. Бұдан бөлек, аквапарктержелісін дамытуымыз қажет. Себебі бізде шомылу мерзімі ұзақ. Жазда өте ыстық. Жанымызда таулар бар. Кешке қарай салқындайды. Сондықтан қонақ үй мен мейрамханаларды көптеп саламыз» - деп атап көрсетті Ғ.Әбдірахымов.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0