суббота, 27 апреля 2024 г.
icon
444.22
icon
476.38
icon
4.82
Алматы:
icon
7oC
Астана:
icon
5oC
1xadv
×

Шымкентте «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 2018-2019 жылдар аралығында 768 пәтер салынады

«Отау-Строй» құрылыс компаниясы Шымкенттегі Төлеметов көшесінің бойынан «Нұрлы Жер» бағдарламасы бойынша жеті қабатты, көп пәтерлі 14 тұрғын үй кешенінің құрылысын бастады. Тұрғын үйде  768 пәтер болады. Жалпы ауданы 46,432 шаршы метр, 4,12 гектар жерде орналасқан.

Жыл басында жобаны «АТФ Банк» АҚ арқылы несие алу туралы өтінімдері мақұлданды. Одан кейін «Нұрлы Жол» бағдарламасы бойынша Өңірлік үйлестіру кеңесінің қарауына ұсынылып, оң шешім шықты. Соның арқасында  осы несиенің 7%-ын «Даму» Қоры  арқылы субсидиялауға қол жеткізді. Қалған 7%-ын компания төлейді.

Жаңа тұрғын үй кешеніндегі пәтер 1 ш.м. үшін 180,0 мың теңгеден аспайды. Баспананың 50%-ы «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ арқылы сатылады.

«Отау-Строй» ЖШС 2004 жылы құрылған. Компанияның негізгі қызметі тұрғын және тұрғын емес үй-жайларды, тұрғын үй кешендерін, әкімшілік ғимараттарды, әлеуметтік нысандарды, коттедж қалаларын салу, сондай-ақ жылжымайтын мүлік объектілерін күрделі жөндеу және реконструкциялау, темір-бетон және болат конструкцияларын өндіру, құм, қиыршықтас өндіру.

Бүгінгі таңда бұл салада көшбасшылар қатарында. Компания бірқатар ғимараттар құрылысын аяқтап, пайдалануға берген.  Интерьерді безендіру бойынша да жұмыстар жүргізді. 14 жыл ішінде 100-ге жуық әлеуметтік-экономикалық мақсаттағы нысандар салды.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0