суббота, 20 апреля 2024 г.
icon
446.49
icon
475.38
icon
4.79
Алматы:
icon
22oC
Астана:
icon
23oC
1xadv
×

Мәжіліс депутаты Атыраудағы жатақхана құрылысымен танысты

Атырауға арнайы іссапармен келген Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясының фракция мүшесі Бақтияр Мәкен Дина Нұрпейісова атындағы музыка колледжі жатақханасының құрылыс барысымен танысты.

Таяу уақытта пайдалануға берілетін 100 орындық  жатақханада  шалғай аудандардан келген  студенттер орналасатын болады.

Колледж директорының орынбасары Ардақ Сүндетқалиеваның айтуынша, 2017 - 2018 оқу жылында  217 студенттің  116-ы  жатақхана  тапшылығын  көрген. Замануи үлгіде салынып жатқан ғимаратта студенттер үшін барлық жағдайлар қарастырылған. 

Айта кету керек, Елбасының «Бес әлеуметтік бастамасы» аясында Атырау облысында  студенттердің жатақхана мәселесін шешу мақсатында бірқатар шаралар қолға алынған. Мысалы «ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамының Батыс филиалы 700 орындық жатақханасын Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетіне сыйға тартып, қазір аталған оқу орны бойынша мәселе толықтай шешілді. Атырау инженерлік-гуманитарлық институты студенттерінің жатақханаға сұранысын қамтамасыз ету мақсатында арнайы жер телімі бөлініп, құрылыс жұмыстары келесі жылы басталады деп жоспарланып отыр.

Парламент депутаты  Бақтияр Мәкен құрылыс нысанын аралап болған соң  жастар ұйымдарының  басшыларымен және «Жас Отан» жастар қанатының  мүшелерімен кездесті. «Болашақ» бағдарламасының түлегі жастарды өмір жолын таныстырып, алға ұмтылуға шақырды.

«Бүгінгі кездесуден өзіме үлкен әсер алдым. Өзіміз сияқты пікірсайыстар мен КВН-дерге, қоғамдық-көпшілік шараларға белсенді  қатысқан қарапайым ауыл баласының шетелде білім алып, биіктерді бағындыруы маған үлкен мотивация берді», — дейді кездесуге қатысқан жастардың бірі Абылай Құрметұлы.   

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0