четверг, 25 апреля 2024 г.
icon
443.85
icon
474.3
icon
4.8
Алматы:
icon
17oC
Астана:
icon
8oC
1xadv
×

Қызылорда облысы әкімінің білім гранттарының 70% «ІТ» мамандықтарға бөлінетін болады

Ағымдағы жылы облыс әкімі білім гранттарының саны 2 есеге дейін көбейіп, олардың 70%-ы ақпараттық технологиялар саласындағы мамандықтарға бөлінетін болады. Бұл туралы Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев облыстық мәслихат сессиясының отырысында хабарлады.

Еске салайық, аймақта 2013 жылдан бері жыл сайын ауылдық жерлердегі көпбалалы және тұрмысы төмен отбасынан шыққан дарынды түлектер үшін облыс әкімінің 100 гранты бөлінетін. Бүгінде мұндай грантты иеленушілердің саны 700 -ге жетті.

Биылдан бастап облыс әкімінің гранты 2 есеге өсіп, 205-ке жетіп отыр.

«Ағымдағы жылы облыс әкімі грантының саны 2 есеге дейін көбейіп, олардың 70%-ы ақпараттық технологиялар саласындағы мамандықтарға бөлінетін болады», — деп атап өтті аймақ басшысы.

Естеріңізге салсақ, 2014 жылдан бастап Ресей Федерациясы Үкіметінің есебінен  аймақтың мектеп бітіруші түлектері  Мәскеу мен Санкт-Петербургтің үздік техникалық жоғары оқу орындарына оқуға жіберілуде. Алғашқы 75 түлектің 62-сі дипломдарын алып, елге оралса, 13 түлек магистратурада оқуларын жалғастырады. Оларды жұмыспен қамту мәселесі қарастырылуда.

«Облыстың бірқатар кәсіпорындары түлектерді жұмысқа қабылдауға дайын. Мысалы, «ҚазАтомПром» ұлттық компаниясы  11 жас маманды, «Гежуба Шиелі Цемент» серіктестігі 8 адамды жұмысқа қабылдауды жоспарлап отырса, «СКЗ-U» күкірт қышқыл зауыты,  Қызылорданың кішітонажды мұнай өңдеу зауыты, «Кристалл менеджмент» және басқа да ірі кәсіпорындар түлектерді  жұмысқа алуға ниетті. Бірқатар түлектер мемлекеттік қызметтің кадрлық резервіне алынатын болады», — деді облыс әкімі.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0

В статье: