суббота, 11 мая 2024 г.
icon
439.4
icon
473.54
icon
4.76
Алматы:
icon
18oC
Астана:
icon
9oC
1xadv
×

Атырау облыстық өнер музейінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында фотокөрме ашылды

Атырау облыстық Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінде Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында «Теңізшевройлдың тарихи сәттері» атты фотокөрменің салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды «NewTimes.kz» ақпараттық агенттігі.

Шараны ұйымдастырылуның мақсаты  «Теңізшевройл» кәсіпорнының ашылған жылдардағы алғашқы тарихынан сыр шертіп, атқарып жатқан жұмыстарын халық арасында насихаттау, жетістіктерін жариялау.

Көрмені «Теңізшевройл» кәсіпорнының бас директоры Тед Этчисон салтанатты түрде ашты. Аталған кәсіпорынның үкіметпен және жұртшылықпен байланыс жөніндегі бас менеджері Рызабек Артығалиев пен музей басшысы Төлеген Орынбасарұлы сөз алып, көрме жұмысына сәттілік тіледі. Еліміздің қара алтынын өндіруде табысты еңбек етіп келе жатқан кәсіпорынның тарихи сәттерін бейнелейтін деректі фильм көрермен назарына ұсынылды. Сондай-ақ келген көрермендерге өндірісі өркендеп, көкжиегі кеңейіп, мұнай-газ нарығында көшбасшыға айналған бұл кәсіпорынның ширек ғасырлық мерейтойына арналған кітаптар таратылды.

Фотокөрмеге Теңіз кенішін алғаш ашушылардың, ТШО-ның қалыптасу тарихындағы басты кезеңдерін қамтитын, сонымен қатар Келешек кеңею жобасын бейнелейтін 36 фотосурет қойылды.

Шараны сала ардагерлері, ТШО кәсіпорнының қызметкерлері және Атырау облысының зиялы қауым тамашалады.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0