суббота, 20 апреля 2024 г.
icon
446.49
icon
475.38
icon
4.79
Алматы:
icon
22oC
Астана:
icon
23oC
1xadv
×

Қазақша күрестен батыс аймақтық турнир өтті

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының «Атамекен» кіші бағдарламасы аясында Атырау облысында жүзеге асып жатқан жобалар халықтың көңілінен шығуда, деп хабарлайды «NewTimes.kz» ақпараттық агенттігі.

Елін сүйген, туған жерін қастерлеген азаматтардың ― Қызылқоға ауданы әкімдігі, Атырау облыстық «Тарлан» қазақ күрес федерациясы қолдауымен Миялы селосында турнир ұйымдастырылған. Демеуші Нұртас Төкенұлы өзі дүниеге келген елдімекенде спорт турнирін өткізіп, туған өлкесінің дамуына, сондай-ақ ұлттық спорттың мәртебесін көтеруге, талантты спортшыларды ынталандыруға өзіндік үлесін қосты.

Турнирде көршілес облыстардан және аудандардан келген спортшылар бақ сынасты. Ересектер арасында өткен турнир қорытындысы бойынша Н.Майлашев (66 келі), С.Закарияев (100 келі) жеңімпаз атанып, жүлдеге тігілен екі автокөлікті қанжығалады

Екінші орынды А.Ыстыбай (66 келі), А.Қалиев (100 келі) еншілеп, миллион теңгелік қаржылай сыйлықты алса, үшінші орынды иеленген А.Аруов (66 келі), Е.Хамзин (100 келі) 500 мың теңгелік ақшалай сыйлықтың иегері атанды.

Додада тартысты өнер көрсеткені үшін А.Ыстыбайға демеушілер шапан жауып, ат мінгізді және жеңіске деген жігері үшін палуандарға алғыс хаттар табысталды.

Сол күні спорт бәсекесінен соң арнайы шақыртылған казақ айтыс өнерінің туын биікке көтеріп, тіліміздің мәртебесін асқақтатқан ақын-айтыскерлер Қайнар Алагөзов, Нұрлыбек Мамай, Аян Сейтов, Құрал Молжанов, Шалқарбай Ізбасаров халыққа көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Және «Шабыт» халықаралық фестивалінің лауреаты этно-фольклорлық «Sarmad» ансамблі өз өнерін паш етті. 

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0