четверг, 25 апреля 2024 г.
icon
443.85
icon
474.3
icon
4.8
Алматы:
icon
17oC
Астана:
icon
7oC
1xadv
×

Қызылордада қызметтік автокөліктерді табыстау рәсімі салтанатты түрде өтті

Бүгін Рәміздер алаңында Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық – атқару жүйесі департаментінің қалалық, аудандық Пробация қызметтеріне Қызылорда облысы әкімінің міндетін атқарушы Ысқақов Қуанышбек Досмайылұлының қатысуымен қызметтік автокөліктерді  табыстау рәсімі салтанатты түрде өтті. Шараға Департамент басшылығы, сала ардагерлері және қызметкерлер қатысты. Алғашқы сөз  Қызылорда облысы әкімінің міндетін атқарушы Ысқақов Қуанышбек Досмайылұлы берілді.

Бүгінгі күні, түрмедегі адамдар санын азайту, қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаларды орындау институтын дамыту бойынша шаралар іске асырылып, елеулі жетістіктерге қол жеткізіліп келеді.

Сонымен қатар, пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарға Үкіметтің 2014 жылғы 23 қазанындағы №1131 қаулысына сәйкес, қала аудан әкімдіктері тарапынан бос жұмыс орындарына квоталар бөлініп, есепте тұрған азаматтарды жұмысқа орналастырып, әлеуметтік көмектер көрсетіліп келеді.

Облысымыздың шалғай елді мекендердегі есепте тұрған сотталған азаматтарға бақылау қадағалау жүргізу және оларға әлеуметтік көмек көрсетуді тиімді ұйымдастыру пробация қызметтеріне жүктелгендігі туралы Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі Департаментімен өзекті мәселелер қаралып, бүгінгі күнге облыс әкімдігінің қолдауы негізінде жүргізілген іс-шаралар негізінде бірқатар мәселелердің оң шешімі табылып отырғанын атап айтты.

Осы аталған жұмыстарды тиімді ұйымдастыру үшін, Қызылорда облыстық әкімдігімен Пробация қызметтерінің материалдық-техникалық базасын арттыру мақсатында бірқатар бірлескен іс-шаралар атқарылып, яғни облысымызға қарасты барлық қалалық, аудандық Пробация қызметтеріне қызметтік автокөліктер табыстаймыз деп шешім қабылдап, 10 автокөліктің кілтін табыстады.  Одан әрі Департамент бастығы әділет полковнигі Отарбаев Ғанибек Сырмағанбетұлы сөз алып, енді осыған орай өзіміздің міндетімізді тиісті деңгейде атқарып, алдағы уақытта қызметте жақсы жетістіктер мен оң нәтижелерге жетеміз деп,  осы бағыттағы жұмыстар жалғасын табатынын  сеніммен айтуға болады деп алғысын жеткізді.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0

В статье: