суббота, 27 апреля 2024 г.
icon
444.22
icon
476.38
icon
4.82
Алматы:
icon
5oC
Астана:
icon
4oC
1xadv
×

Қызылордада «Мектепке жол» қайырымдылық марафоны өтті

Облыстық білім, жастар саясаты мәселелері, дене шынықтыру және спорт басқармалары мен «Жомарт» қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен «Мектепке жол» қайырымдылық марафоны - 2018» қайырымдылық марафоны өтті.

Марафонға қатысушылар қаламыздағы ҚР Тұңғыш Президент саябағынан Сұлтан Бейбарыс, Тәуелсіздік, Есенов көшелері арқылы Ғани Мұратбаев атындағы орталық стадионға дейін жүгіріп өтті.

Айта кетейік, көрсетілген көмектердің басым үлесі кәсіпкерлер мен бизнес-құрылымдар арқылы жасалынды. Шараның өткізілуі барысында үкіметтік емес ұйымдар белсенділік танытып қатысты.

Аталған қайырымдылық марафонының өткізілуіне «Жомарт» қайырымдылық қорының зор үлес қосқанын ерекше атап өткен жөн.

Қайырымдылық марафонына мемлекеттік мекеме қызметкерлерімен, қала тұрғындары белсенді қатысып, марафон жеңімпаздар дипломдармен марапатталады.

Марафон қатысушыларынан жиналған қаржы көмекті қажет ететін аз қамтылған отбасылардың балаларына жұмсалады.

Еске сала кетейік, «Мектепке жол» жалпы республикалық акциясы балаларға қуаныш сыйлап, олардың әлеуметтік белсенділігін арттыруға қолдау көрсететін игі шара.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0

В статье: