суббота, 20 апреля 2024 г.
icon
446.49
icon
475.38
icon
4.79
Алматы:
icon
14oC
Астана:
icon
15oC
1xadv
×

Қызылордада үздік әлеуметтік жобалар жеңімпаздары анықталды

Бүгін қызылордалық нұротандықтар «Қазақстанның үздік әлеуметтік жобалары» байқауының аймақтық кезеңінің жеңімпаздарын анықтап, республикалық кезеңге өткен үміткерлерді марапаттады.

Байқаудың негізгі мақсаты - өмірлік қиын жағдайға тап болған жандарға  көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ өзекті әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған бастамашыл әлеуметтік  жобаларды қолдау. Елімізде іске асырылатын үздік бастамашыл әлеуметтік жобаларды анықтау.

Аймақтық кезеңнің жеңімпаздары анықталған жиында облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ибадулла Құттықожаев алдымен жобаның маңыздылығын атап өтіп, байқау жеңімпаздарын арнайы алғыс хаттармен марапаттап және 1 млн теңгеге дейінгі қаржылай сыйлықтарды табыстады.

«Биылғы байқау 20 сәуірде басталып, маусым айының  30 - ына дейін қатысушылардың ұсыныстарын қабылдады. Облыс бойынша 20 үкіметтік емес ұйымдардан өтінімдер түсіп, арнайы жасақталған комиссиясының назарына ұсынылды. Яғни, байқаудың 4 бағыты бойынша қала, аудандардан келіп түскен 20 жобаның 13 - і облыстық кезеңге жолдама алды. Бүгін сол 13 жобаның 3-і жүлделі  орындарға және 2 жоба ынталандыру сыйлығын алып отыр. Жеңімпаз атанған 3 жоба енді республикалық кезеңде бақ сынайтын болады. Олардың қатарында облыстық кезеңде 3 орынға ие болып отырған  «Сыр мейірімі» әлеуметтік қоғамдық қоры, 2 орын алған «Волонтеры Кызылорды» қоғамдық қоры, 1 орынды иеленген «Қанат» мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арналған спорттық-сауықтыру орталығы» қоғамдық бірлестігі бар»,— деді Ибадулла Құттықожаев. 

Осы ретте «Волонтеры Кызылорды» қоғамдық қорының жұмысын атап өтсек. Қоғамдық бірлестіктің ерекшелігі - арбаға таңылған азаматтардың бимен айналысуына жағдай жасау. Аталған ұйым 2016 жылдан бастап жұмыс жасайды. Қазіргі уақытта  бұл би түрімен айналысатын бес арбаға таңылған азамат бар. Олардың үшеуі ер және екеуі әйел. Олар комби стилінде билейді. Биыл жұптық биден Қазақстан чемпионатына қатысып бірінші жүлделі орынды жеңіп алды.

Өз кезегінде сөз алған  «Волонтеры Қызылорда» қоғамдық бірлестігінің  директоры Ольга Чебакова жоба ұйымдастырушыларына ризашылығын білдірді.

«Мен 2015 жылдан бастап ерікті болып жұмыс жасай бастадым. 2016 жылы түрлі жобаларды жүздеге асырып, біз осы  қоғамдық бірлестікті құрдық. Осы уақыт аралығында  түрлі жобаларды жүздеге асырдық. Олардың саны өте көп және әрқайсысы өзінше ерекше. Атқарылған жұмыстар ауқымды. «Көпшілік бұрындары мұндай ұйымның бар екенінен хабарсыз болатын, ал қазір олар біздің көмегімізге жүгініп, тіпті біздің қатарымызға қосылып жатыр», — дейді «Волонтеры Қызылорда» қоғамдық бірлестігінің директоры Ольга Чебакова.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0

В статье: